Қайрат Сатыбалды іргесін қалаған медресеге жыл сайын бюджеттен 200 млн теңге құйылады
Фото: muslim.kz
Сатыбалды Әбішұлы атындағы Сарыағаш медресе-колледжіне жыл сайын мемлекет бюджетінен 200 млн теңгеден астам қаражат бөлінеді. Бірақ оның қайда жұмсалып жатқаны қоғамда сұрақ тудырды. Бөлінген қаражаттың қайда жұмсалатынын Orda.kz тілшісі зерттеді.
Ресми мәліметтерге сәйкес, 2018 жылдан бері медресеге мемлекеттен 1,9 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінген.
2018 жылдан бері медресеге қыруар қаржы бөлініп келе жатқанын журналист Ораз Әлімбек Facebook парақшасында жазды. Журналистің пікірінше, Смановтар әулеті басқаратын діни ұйымға зайырлы мемлекеттің бюджет қаржысын бөлу – заңсыз.
«Орта білім беру грантының мемлекеттік тапсырысына қарасақ, Түркістан облыстық Білім басқармасы мүфтияттың жекеменшік «Сарыағаш медресесіне» 2018 жылдан бері жыл сайын орта есеппен 200 млн теңгеден астам бюджет қаржысын шығындап отыр», – деп жазды Ораз Әлімбек.


Ресми мәліметтерге сәйкес, қаржыландыру 2018 жылдан басталған. Ең көп қаражат 2018-2019 жылдары бөлінген. Қаражат бірден түспейді, жыл ішінде бірнеше мәрте аударылым болады. Соңғы рет мемлекеттік аударым 2025 жылдың 8 қаңтарында болды.
- 2018 жылы - 336 082 000 теңге
- 2019 жылы - 400 227 000 теңге
- 2020 жылы - 137 960 000 теңге
- 2021 жылы - 54 472 000 теңге
- 2022 жылы - 143 896 000 теңге
- 2023 жылы - 296 351 000 теңге
- 2024 жылы - 280 032 000 теңге
- 2025 жылы - 290 885 000 теңге
Бөлінген қаражаттың есебін білу үшін Orda.kz Түркістан облысының білім басқармасына сауал жолдады. Сауалымыздың негізгі сұрақтары: қаржы қандай мақсатқа бөлінеді және қайда жұмсалады?


Мемлекет дінге араласпайды, бірақ заң бойынша кез келген білім беру ұйымы, оның ішінде діни мекемелер де, грант ала алады.
Түркістан облысы әкімдігі 2024-2025 оқу жылында Сарыағаш медресесіне 175 мемлекеттік грант бөлген. Қаржы жан басына шаққандағы норматив бойынша есептелген.
«Білім басқармасы 2025 жылғы 5 қаңтар күні №35 Білім басқармасымен 2025 жылға «Мемлекеттік білім беру тапсыры қызметтерін көрсету шарты бойынша» бір жылға 200 млн теңгеден астам қаржыға қызмет көрсету келісім шарты жасалған. "Хабарламада ай сайынғы қаржы жыл бойы қызмет көрсету актісіне сәйкес аударылатыны көрсетілген», – деп жауап берді Түркістан облысының білім басқармасы.
Сатыбалды Әбішұлы атындағы Ислам орталығы жайлы не белгілі?
Сатыбалды Әбішұлы – Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі. Ол 1981 жылы 34 жасында жол апатынан қаза болды. Оның Қайрат Сатыбалды және Самат Әбіш атты екі ұлы бар.

Мешіттің ашылу салтанатына әлемнің түкпір-түкпірінен он мың адам қатысты. Олардың қатарында Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның ұлы Біләл Ердоған, Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың інісі Амруддин Эдилгерев, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз, сондай-ақ Өзбекстан және Қырғызстан мүфтилері болды.


Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық