«Қайрат» пен «Реал Мадридтің» алаңға шығатын ойыншылары анықталды
Фото: Orda.kz
Бүгін кешке Алматының Орталық стадионында Қазақстан жанкүйерлері көптен күткен тарихи матч өтеді. Алматылық «Қайрат» пен мадридтік «Реал» Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің екінші турында кездеседі, деп хабарлайды Orda.kz.
«Қайрат» сапында алғашқы минуттардан Қалмырза, Тапалов, Мартынович, Сорокин, Мата, Қасабулат, Арад, Мрынский, Жоржиньо, Громыко, Сәтпаев шығады.
«Реал Мадрид» бұл ойынға арналған старттық құрамын жариялады. Алғашқы минуттан алаңға келесі футболшылар шығады: Куртуа, Асенсио, Хёйсен, Алаба, Гарсия, Чуамени, Себальос, Гюлер, Мастантуоно, Винисиус, Мбаппе. Команданы бас бапкер Хаби Алонсо бастап шығады.
Orda.kz тілшісі тарихи кездесуден тікелей хабар таратып жатыр. Дәл қазір Орталық стадионға көп жанкүйер жиналды. Қолдарына «Қайраттың» жалаушаларын ұстаған жанкүйерлер командаларына қолдау көрсетіп, жеңіс тілеп тұр. Стадион маңында полиция мен жедел жәрдем қызметі күшейтілген тәртіпте жұмыс істеуде.
Еске сала кетсек, «Қайраттың» бас бапкері Рафаэль Уразбахтин баспасөз мәслихатында «Реал Мадридке» қарсы ойында ойыншыларға «ешкімнен қорқудың қажеті жоқ» екенін әрі командасынан не күтетінін айтқан еді. Айта кетейік, «Реал Мадридтің» бас бапкері Хаби Алонсо алматылық «Қайратты» жеке ойыншылар тұрғысынан да, команда ретінде де бағалап, олардың өз алаңында сенімді ойыны испандықтар үшін сынақ болуы мүмкін екенін айтты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық