Қайрат Нұртастың жұбайы жоғарғы сотқа жүгінбек
Фото: instagram / Жұлдыз Әбдікәрімова
Алаяқтарға алданып, пәтерінен айырылған Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Әбдікәрімова сотқа жүгінген болатын. Әбдікәрімова полицияға арыз беріп, қылмыстық іс қозғауды сұраған. Алайда оқиға жария болған соң, оған бейтаныс адамдар қоңырау шалып, таныстары арқылы интернеттегі ақпаратты өшіруді талап ете бастаған. Екінші сот отырысы өтті. Жұлдыз сот отырысына наразылығын білдіріп өз парақшасында жазба қалдырды, деп хабарлайды Orda.kz.
Жұлдыз Әбдікәрімова «TUMARGrandVillage» компаниясынан пәтер алмақ болған. Пәтерді біреудің атына жазуға келіскен соң біраз уақыт жалдамалы пәтерде көшіп жүрген. Ақыры пәтерін өз атына аудармақ болғанда пәтердің уақытша иелері қайтарудан бас тартқан.
Ол сотқа жауап беруші тараптың келмегеніне және тараптарды тыңдап болғаннан кейін қосымша сұрақтар қойылмағанына наразы. Сондай-ақ екінші сот шешімімен келіспей, жоғарғы сотқа жүгінетінін мәлімдеді.
«Екінші сот отырысы өтті. Менің көңілім толмаған сәттер мыналар: Біріншіден, өткен отырыста сот өзі талап еткен жауап беруші тараптағы Дилара осы отырысқа қатыспады. НЕГЕ? Қарсы тарап соттың талабын орындамайтындай қандай күшке ие? Екіншіден, сот екі тарапты толық тыңдап болғаннан кейін, ешқандай қосымша анықтаушы сұрақтар қоймай, ақылдасу бөлмесіне үнсіз кетіп қалды. Бар болғаны 20 минутта шешім қабылданды. Бірінші болған сот шешімін өзгеріссіз қалдыруға шешім қабылданыпты. Соттың ресми шешімі жайындағы құжат келесі аптада шығады. Заң бұзушылық табылмады деген үкім айтылды. Естеріңізде болса, бірінші отырыста қаралмаған немесе назар салынбаған дәлелдер келтіргенімді айтқанмын. Бұл жолы да ол дәлелдер ескерусіз қалды. Сот шешімімен келіспейтінімді, мұнымен іс жабылмайтынын, Жоғарғы сотқа қайта шағымданатынымды хабарлаймын!», — деді Жұлдыз Әбдікәрімова.
Жұлдыз Әбдікәрімова азаматтық соттан бөлек, қылмыстық іс қозғалып жатқандығы, ол жақта сот мүлде басқа сарында болатынын да еске салды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық