Қайрат Нұртас 5 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін
Фото: instagram/ kair_n
Танымал әнші Қайрат Нұртас бұзақылық бабы бойынша қозғалған қылмыстық іс бойынша айыпталушы болып, 5 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Бұл туралы журналист Михаил Козачков өзінің telegram-арнасында хабарлады.
«Танымал әнші Алматыдан Астанаға ұшқан ұшақ бортында жанжал шығарып, салдарынан жолаушы Асылбек Бекқайыров зардап шекті. Ұшақ командирі полиция шақырып, төбелеске қатысқан екі азамат та полиция бөлімшесіне жеткізілді. Нұртасқа қасақана жеңіл зиян келтіру және бірнеше рет ұсақ бұзақылық жасағаны үшін хаттама толтырылды» делінген хабарламада.
Журналисттің айтуынша, әншіге қатысты қатал жаза қолданылуы мүмкін.
«Нұртасқа қатысты Қылмыстық кодекстің 293-бабының 2-бөлігі - «Әуе кемесі бортында жасалған бұзақылық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Баптың санкциясында айыппұл, қоғамдық жұмыстарға тарту, бас бостандығын шектеу немесе 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған» делінген хабарламада.
Қайрат Нұртас түнде Шымкентте ұсталды. Көліктегі полиция департаменті әншіге қатысты «Алматы-Астана» рейсінің бортында ұсақ бұзақылық жасап, қасақана денсаулыққа жеңіл зиян келтіргені үшін әкімшілік іс қозғалғанын хабарлады. Материалдар қарау үшін сотқа жіберілді.
Бұл Қайрат Нұртастың жанжалдың ортасында қалуы бірінші рет емес. Жақында атыраулық мейрамхана қожайыны оны сәтсіз өнер көрсеткені үшін алған авансын заңсыз деп айыптап, сотқа берді. Бірақ ол сотта жеңіліп қалды. Сахнадағы орынсыз жүріс-тұрысы мен жол қозғалысы ережесін бәрнеше рет бұзғаны үшін әртіске айыппұл салынды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық