Қайрат Құдайберген шындықты анықтау үшін детектор қолдануды тағы да сұрады
Фото: Ашық дереккөзден
Қайрат Құдайберген Қаңтар оқиғаларының шын-өтірігін анықтау үшін детектор қолдануды сұрайды, деп хабарлайды Orda.kz порталы.
Алматы мәслихатының бұрынғы депутаты, ал қазір Қаңтар оқиғасына байланысты сотталушы Қайрат Құдайбергенов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында өтініш білдірді. Ол айыптаушы тараптың шындықты анықтау үшін полиграфты пайдаланудан бас тартқанын жазады.
«Өйткені оларда жасыратыны бар, ал менде ондай ештеңе жоқ. Мен шындыққа мүдделімін. Кейбіреулер президент Тоқаевты қасақана алдап, оған жалған ақпарат беріп, қорқақтығын жасыру үшін жаңылыстырып отыр» де жазды ол.
Ол қылмысы дәлелденбесе 10 жыл болса да отыруға дайын екенін және түрмеден қорықпайтынын жазады.
«Ең бастысы, мен өзімнің абыройымды сатқан жоқпын және ешкімге жала жаппадым, қорықпадым әрі жалған куәлік бермедім. Мен кез келген адамның көзіне тік қарап, ұнжырғам түспейтінін мақтан тұтамын» делінген жазбада.
Құдайберген «өз еліне және халыққа қарсы шықпайтынын» өз Отаны мен тәуелсіздігі үшін жанын беруге дайын екенін, оны Қаңтар кезінде дәлелдегенін де атап өтті.
«Мен әрқашан өз халқыма қиын уақытта көмектестім, әрқашан апат болған жерде болдым. Су тасқыны, өрт, жер сілкінісі немесе пандемия ма, мен үшін айырмашылығы болмады. Қай жерде керек болдым - сол жерден табылдым» деп жазды ол.
Еске сала кетейік, Қайрат Құдайберген өткен жылы 22 сәуірде ұсталып, 24 сәуір күні сот қаулысымен тергеу органдарының өтініші қанағаттандырылып, Құдайбергеннің әрекетін саралу туралы қаулы шығарылғанға дейін оны 30 тәулік мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берілді. Содан бері оны қамауда ұстау мерзімі үздіксіз ұзартылып келді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық