«Қайрат» қайтадан чемпион!: «Құдайға қалдырдым» — Бабаян
Фото: Orda.kz.
Алматыдағы Орталық стадионда өткен шешуші матчта «Қайрат» пен «Астана» 1:1 есебімен тең түсті. Бұл нәтиже алматылық клубқа қатарынан екінші жыл ел чемпионы атануға жеткілікті болды. «Қайрат» маусымды 59 ұпаймен аяқтаса, «Астана» 57 ұпаймен екінші орында қалды, деп хабарлайды Orda.kz.
Ойынның алғашқы бөлігінде «Астана» алға шықты. 15-минутта хорватиялық жартылай қорғаушы Марин Томасов албаниялық Назми Грипшидің пасынан кейін есеп ашты. Ал екінші таймда 17 жастағы шабуылшы Дастан Сатпаев айып алаңында соққы жасап, есепті теңестірді.
Кездесуді италиялық төреші Маттео Марчетти бастаған арнайы шақырылған төрешілер бригадасы басқарды.
Тең есептің арқасында «Қайрат» 59 ұпаймен турнир кестесінде көш бастады. Қостанайдың «Тобылы» 54 ұпаймен үшінші орынға табан тіреді. Осылайша, алматылық клуб қатарынан екі жыл және тарихында бесінші рет ел чемпионы атанды. «Қайрат» келесі маусымда УЕФА Чемпиондар лигасында ойнайды, ал «Астана» Конференциялар лигасында өнер көрсетеді.
Матчтан кейін «Астана» бас бапкері Григорий Бабаян соңғы апталарда командаға қысым жасалғанын айтты.
«Қайратқа қарсы ойын алдында «Астанаға» бағытталған хейт күшейді. «Ақтөбемен» болған 5:3 матчының артынан түрлі айыптаулар айтылды — «матч сатып жіберді», «қақпашылар кінәлі» деген сөздер тарады. Мұның бәрі ойыншыларға психологиялық әсер етпей қоймады. Бізге қарсы қолдан ұйымдастырылған қысым болды. Бірақ мұндай сәттерде күресе білу керек. Ал бізді әдейі қаралағандарды Құдайға қалдырдым», — деді Бабаян.
«Қайраттың» бас бапкері Рафаэль Уразбахтин бұл жеңісті «мақсатты түрде келген тарихи нәтиже» деп атады.
«Чемпион атанғанымызға өте қуаныштымыз. Бұл — жігіттердің еңбегі. Екі жыл қатарынан чемпиондықты қорғап қалу — үлкен жетістік. Командаға, клуб басшылығына және жанкүйерлерге алғыс айтамын», — деді Уразбахтин.
Ол бірінші таймнан кейінгі үзілісте ойыншыларға қатты сөйлегенін де жасырмады.
«Бірінші таймда ойынымыз ұнамады — енжар болдық, қақпаға аз соққы жасадық. «Астана» бізге бастаманы беріп, жақсы қарсы шабуылдар ұйымдастырды. Солардың бірінен гол соқты. Үзілісте жігіттерге толық стадионның алдында бұлай ойнауға болмайтынын айттым», — деді бапкер.
Матч соңында 37 жастағы бразилиялық шабуылшы Жоао Пауло командамен қоштасты. Клуб оған №112 нөмірлі естелік жейде табыстады. Ол «Қайрат» сапында 112 матч өткізіп, 48 гол соғып, 12 нәтижелі пас берген.
Қарашада алматылық клуб «Интермен» кездесіп, желтоқсанда өз алаңында грек клубын қабылдайды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық