Қайрат Боранбаев мемлекетке қосымша 120 млрд теңгенің активтерін бермекші
Фото: Ашық дереккөзден
Қаржы мониторингі агенттігі Қайрат Боранбаевтың заңсыз активтерін қайтару бойынша жұмысы әлі де өз жалғасын тауып жатыр. Бұл туралы агенттік төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов айтты, деп хабарлайды Orda.kz порталы Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.
«Ол бұған дейін сот үкімі бойынша сотталған, келтірілген залал өтелді. Сонымен қатар ол бюджетке тағы 120 млрд теңге аударды. Қазіргі уақытта оның тарапынан бюджетке қосымша аударымдар жүргізілуде. Басқа да қылмыстық істер: жеке тұлғаның салық төлеуден жалтаруы, ұрлық фактілері бар. Осы істер аясында қазіргі уақытта активтерді қайтару бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде», - деді Жеңіс Елемесов Мәжілісте.
Қайрат Боранбаев мемлекет мүлкін жымқыруға қатысқаны үшін мүлкі тәркіленіп, өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан айырумен алты жылға сотталды. 2023 жылдың қазан айында сот Боранбаевтың өтінішін қанағаттандырып, жазаның өтелмеген бөлігін бас бостандығын шектеуге ауыстырды. Боранбаев екі жыл төрт айдан астам түрмеде отырды.
Өткен қазан айында Қайрат Боранбаев тергеумен өз еркімен ынтымақтаса отырып, кейбір мүлкін мемлекетке қайтарған. Ол 33,75 млрд теңгенің нысандарын берді, атап айтқанда:
Алматының қақ алаңында орналасқан «Алмалы» сауда орталығы ғимараты.
Лизинг және мүлікті басқарумен айналысатын «Unity Hall» ЖШС. Almaty Towers бизнес орталығында орналасқан нысанның ауданы 11 мың шаршы метрден асады.
Фитнес-клубтар желісі. Нысандар Астана, Алматы және Қостанай қалаларында орналасқан.
Сондай-ақ Қайрат Боранбаевтың компаниялары Мемлекеттік мүлік комитетіне құны 1,4 миллиард теңгеден асатын «Comfort Hotel Astana» қонақ үй кешенін өз еркімен беру туралы өтініш берді. Аумағы 5 мың шаршы метрден асатын қонақ үй кешенінің жылдық айналымы 900 миллион теңгеге жуықтайды. Кәсіпкер мемлекет кірісіне мұнай кен орнын, зауыт және газ тарату компаниясын берді.
Жаңалықтар
- Заңсыз мұнай өңдеу зауыты: Шекарадағы жер асты жолы арқылы 37 миллиард теңгенің контрабандасы шетел асқан
- Мұхтар Ербаянның жаназасы ертең шығарылады
- Нұрлан Сабуров Ресейдегі көлігін 10 миллион рубльге сатты
- Венесуэла жағалауында 7,1 магнитудалы жойқын жер сілкінісі болып, он мыңнан астам адам қаза тапты
- Қазақстанда электрмобиль нөмірлері жасыл болуы мүмкін
- Атырау облысында 90 жастағы қарияны баласы ұрып-соғып, қамап ұстаған
- +50°C дейінгі ыстық пен қуаңшылық: Шілдеде Қазақстанның көп бөлігінде аптап ыстық болады
- Тоқаев төрт жаңа заңға қол қойды
- «40 адамның қызметін енді компьютер атқарады»: Алматы метросында мамандар жұмысынан айырылуы мүмкін
- Журналистер одағы 2026 жылға арналған сыйлық пен марапат лауреаттарын жариялады
- Шілде айынан бастап Қазақстанда әскерге шақыру цифрландырылады
- Ресейдегі газ өңдеу зауытына жасалған шабуыл Қарашығанақ газына қатысты мәселені қайта көтерді
- Сhildfree идеологиясына қарсы пәтуа: «Кедейлік – бала тумай қоюға себеп емес»
- CNN: АҚШ-тың Ұлттық барлау жүйесінде жаппай жұмыстан босату жүріп жатыр
- Алматының Райымбек даңғылындағы BRT жобасының орнына SkyTrain жүйесі іске қосылады
- Алматылық полицейді өлтіріп, денесін өртеп жіберген: Іс бойынша әйелі мен ұлы ұсталды
- Қарт әкесін сабап, оны видеоға түсіріп таратқан «батыр бала» бес тәулікке қамалды
- Ербаянның өлімі: Тапаншаға ұмтылған полицейдің әрекетіне құқықтық баға беріледі
- Ербаян Мұхтардың әкесі жалған ақпаратқа сенбеуге шақырды: Отбасы мәйітхана алдында жүр
- Түркістан облысында күре жолдың бетон жабындысы көтеріліп кетті. Аптап ыстық себеп пе?