«Қайрат» - «Ақтөбе» ойынынан кейін футбол жанкүйерлері жауапқа тартылды
Фото: sportplustv.kz
Алматылық тәртіп сақшылары «Ақтөбе» мен «Қайрат» футбол клубтары жанкүйерлерін әкімшілік жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды Orda.kz
Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев бұл шешімге айтылған әдепсіз ұрандар мен қоғамдық орындардың ластануы себеп болғанын айтты. Сондай-ақ, олар спорттық іс-шараларда тәртіп ережелерін бұзып, қоғамдық орында алкогольдік ішімдіктерді ішіп, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жазаға тартылды.
«Мұндай мінез-құлық «футбол жанкүйерлері» қауымдастығына ғана емес, сонымен бірге бүкіл елдің имиджіне нұқсан келтіретінін атап өту керек, өз командаларыңызды эмоционалды түрде қолдауға болады, бірақ тек заң аясында. Қарсыластарыңыз бен қарапайым азаматтарға жаман сөз айту артық», - деді Әлекешев.
Ол сондай-ақ қоғамдық тәртіпті бұзатын әрбір заңсыз әрекет міндетті түрде жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салды.
Дегенмен еске сала кетсек, Ақтөбе QFL-2024 бойынша сенімді көшбасшы болып отыр. 20 сәуір күні батысқазақстандық футбол клубы сырт алаңда алматылық «Қайратты» 3:1 есебімен ұтты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық