Кәрім Мәсімов елден қашуға дайындалды
Фото: Жанар Каримова
18 жылға сотталған ҰҚК экс-төрағасы Кәрім Мәсімов қаңтар оқиғалары кезінде мемлекеттік төңкеріс сәтсіз өтсе, Қазақстаннан ұшып кетуге арналған ұшақ дайындады.
Бұл туралы саясаттанушы Ербол Еділов өзінің telegram-арнасында дерекқөздерге сілтеме жасап хабарлайды.
«Кейбір дереккөздердің хабарлауынша, Кәрім Мәсімовтің тұрғылықты жерінде тінту кезінде жол сөмкесі табылып, оның ішінде Кәрім Мәсімовтің дипломатиялық төлқұжаттары мен эвакуациялық жағдайға дайындалған 350 мың доллар және 50 мың еуро ақшасы болған.
2021 жылдың қазан айының басында және желтоқсан айының соңында К.Мәсімов пен А.Садықұлов билікті күшпен басып алудың қылмыстық жоспары жүзеге аспай қалған жағдайда К.Мәсімовті елден эвакуациялау бойынша оқу-жаттығу ұйымдастырған.
ҰҚК «Арыстан» арнайы бөлімшесінің күштері мен құралдарын қолдану жағдайлары пысықталды.
К.Мәсімовтің 2022 жылғы 5 қаңтарда СУ-95 NRK95100 қызметтік ұшағымен күндізгі уақытта билікті күшпен басып алу әрекеті сәтсіз аяқталса, шетелге ұшуға арналған жасырын оқу-жаттығулар жүргізді» делінген хабарламада.
Мәсімовтың тағы бір орынбасары Ерғожин билікті басып жолындағы зерттеулер өткізді.
«Сонымен қатар, К.Мәсімовтің бұйрығымен Д.Ерғожиннің қатысуымен билікті басып алу мақсатында қоғамдық-саяси зерттеулер жүргізілгені белгілі болды.
Олар қатаң құпия түрде жүргізілді, қаңтар оқиғасы кезінде зерттеудің басым бөлігі жойылды, ҰҚК қызметкерлерінің қатысуымен компьютерлер «тазаланды».
Осы NAC Analytica қызметі үшін төлем К.Мәсімовтің осы мақсаттарға арнайы бөлінген жеке қаражатынан жүзеге асырылды» делінген хабарламада.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық