«Кабинетіне кіргізіп алды»: Ағасы 6 жасынан қорлаған қыз мәлімдеме жасады
Фото: freepik.com
10 жылдан астам уақыт зорлық-зомбылыққа ұшырадым деп мәлімдеген Еркеназ Оразғалиева өзін қорлаған адам жайлы тағы да мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, дене тәрбиесінен сабақ беретін ағасы оны спорт залда зорлаған. Сонымен қатар ол кейбір дәлелдердердің ескерілмей отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
6 жасынан қорлық көрдім деген Оразғалиева Еркеназ ағасының мектептегі камера жоқ жерге апарып зорлық көрсеткені жайлы өзінің Instagram парақшасында айтып берді.
«Мен Оразғалиева Еркеназ Әділетқызы өткен жолғы видеоақпаратыма қосымша ақпарат айтқым келіп отыр. Жұмаханов Еркебек Еркеғали Рахманов атындағы мектепте дене тәрбиесі мұғалімі болып жұмыс істеген. Ол мені мектепте де зорлап келді. Спорт залдың ар жағында кабинеттеріне апарып бірнеше рет зорлады. Спорт залда камера болса да, кабинетте камера жоқ. Осы Ергебектің атына қаншама шағым түскен... Балаларға тіл тигізген, буллинг жасаған. Ата аналардың атынан оған шағым түскен. Бірақ мектеп ешқандай шара қолданбаған. Сол ата аналардың біреуі маған көмектесіп, қосылып арыз жазды. Бірақ оны дәлелге жатқызбай отыр. Ергебектің мені қорқытып жазған смс хаттары бар. Оны да дәлелге жатқызбай отыр. «Өлтіріп барып тыныштық табамын», «Шық, әйтпесе үйдегілеріңе айтамын» деп қорқытып жазғаны бар. Ергебектің жауабын қанағаттанарлық деп, менікін қанағаттандырарлықсыз деп қарап отыр», — деді Оразғалиева Еркеназ.
Қазақстан Республикасы бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің деректеріне қарасақ, жыныстық зорлық-зомбылық көрсету қылмысы жыл сайын артып келеді. Назарларыңызға сол статистиканы ұсынамыз.
Жаңалықтар
- Президент өзіне сыйға тартылған сәйгүліктерді тамашалап, жем берді
- Қарағандылық құтқарушы «Жарық түндер» халықаралық жарысында алтын медаль ұтты
- Германия Ресейден қауіптеніп, ықтимал соғысқа дайындықты бастап кетті
- Көші-қон заңнамасын бұзған 27 шетелдік елден шығарылды
- Аида Балаева: Көші-қон саясаты түбегейлі өзгереді
- Австрияда балалар тағамына у қосқан адам ұсталды
- БАҚ бойынша президенттің 2026 жылғы сыйлықтары мен гранттарына ұсыным қабылдау басталды
- «Оскар» ұйымдастырушылары ЖИ-актерлер мен сценаристерге шектеу қойды
- Қытай өзінің мұнай компанияларына АҚШ санкцияларын елемеуді бұйырды
- Еліміздің қажыларына Пайғамбар музейіне барғанда жеңілдік беріледі
- Астанада 20 жастағы жігіт тісін емдеймін деп барып, өмірінен айырылды
- Жұқпалы аурулар маманы: Екпе ауру қоздырады деген — қауесет
- Таяу Шығыс: Трамптың тұрақсыздығы, Ормуз бұғазы — шешілмеген шиеленіс
- «Kazakh Tazy» аясында ұлттық тұқымға қызығушылық артты
- Этносаралық «Алтын шаңырақ» айтысында неміс ұлтының өкілі тамаша өнер көрсетті
- Смадияров: Польшада ұсталған қазақстандық Тоқаевтың арқасында босатылды
- Трамп Конгреске Иранға қарсы соғыс қимылдары аяқталғаны туралы хат жолдады
- Таразда гимназия аумағында оқушы биіктен құлап, ауыр жарақат алды
- Түркістан облысының құтқарушылары 81 адамды эвакуациялады
- Енді ұшақ бортында домбыра тасымалдауға болады