Көзін ойып, қолын жұлған: Оралда сотталған күзетшілердің бірі рақымшылықпен босатылды
Фото: Астана телеарнасы
Батыс Қазақстан облыстық сотының Сот алқасы адам өлтіріп, қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген айыппен сотталған тәртіп сақшыларының ісі бойынша апелляциялық шағымдарды қарады. Атышулы іс бойынша айыпталушылардың бірі рақымшылыққа ілініп, қамаудан босатылды.
Облыстық сотқа іс жәбірленушілер, сотталғандар және олардың қорғаушыларының өтініштері негізінде келіп түскен. Жәбірленушілер Қонысқалиға жазаны қатаңдатуды сұрады. Ал қорғаушылар өз кезегінде оны ақтау керектігін айтты.
«Қонысқалиға қатысты үкім өзгертілсін. ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған рақымшылық бабы негізінде негізгі жазаны өтеуден босатылсын. Әбутәліп Қонысқали дереу қамаудан босатылсын. Аян Қафизовке және Абзал Әділов қатысты үкім өзгеріссіз қалдырылсын» деп үкімді оқыды судья.
Сот үкімге кассациялық тәртіпте шағым беруге болатынын атап өтті.
«Алқа Қонысқалидың әрекетін қайта саралауға негіз таппады, өйткені сот оның жәбірленушінің бетінен алақанымен бірнеше рет ұрғанын, ал Әділов пен Кафизовтың әрекеттері ауыр зардаптарға әкеп соққанын анықтады» делінген сот үкімінде.
Еске салсақ, бұған дейін Әбутәліп Қонысқали билігін асыра пайдаланғаны үшін 2 жыл 6 айға сотталған болатын. Оның сыбайластары Аян Кафизов пен Абзал Әділов 18 және 17 жылға бас бостандығынан айрылған
Ер адамдар 32 жастағы Қуаныш Ахметовтің өліміне кінәлі деп танылды. Күзетшілері оны наркологиялық диспансерде ұрып-соққан. Содан кейін ер адам қашып кетпек болған. Олар оны жақын маңдағы жанар-жағармай құю станциясында қуып жетіп, қорлық көрсеткен. Жәбірленуші көп қан кеткеннен қайтыс болды. Қолындағы қан тамырлары кесілген.
Марқұмның әпкесі оның екі қолының жұлынып, мұрны сынғанын, көзін ойып алғанын және басқа да ауыр жарақаттар алғанын айтты.
Бұл оқиғаның жай-жапсары белгілі болғаннан кейін бірнеше полиция қызметкері қызметінен босатылып, БҚО ІІД бастығының екі орынбасарына қатаң сөгіс жарияланды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық