ҰҚК: жерімізді қорғауға шақырды деген ақпарат жалған
Әлеуметтік желіде жерімізді қорғауға шақырған бейнежазба тарай бастады. Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті бұл видеоның «Қалқан-2021» оқу-жаттығулар кезінде түсірілгендігін айтады.
— 2021 жылғы 17 сәуірде жекелеген электрондық ақпараттық ресурстарда Атырау облысында өтіп жатқан акциялар туралы видео тарала бастады. Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын ресми түрде хабарлайды. Әлеуметтік желілерде тараған видеода «Қалқан-2021» оқу-жаттығулары көрсетілген, – делінген хабарламада.
2021 жылғы 16 сәуірде Маңғыстау облысындағы «Оймаш» полигонында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ІІМ қарулы күштерімен және Ұлттық ұланымен, сондай-ақ жергілікті мемлекеттік органдардың шұғыл әрекет етуші қызметтерімен бірлесіп өткізген «Қалқан-2021» жедел оқу-жаттығуы аяқталды.
— Оқу-жаттығу өткізілетін орын ретінде Маңғыстау өңірінің таңдалуы сол жердің ерекшелігіне байланысты болды. Бұл білім алушыларға бір мезгілде жазық және шөл далада, жағалау учаскелерінде, теңізде және экономика мен инфрақұрылымның стратегиялық нысандарының болуы жағдайында іс-қимыл жасау дағдыларын үйренуге мүмкіндік берді, - деп мәлімдеді ҰҚК баспасөз қызметі.
Осыған байланысты ҰҚК баспасөз қызметі отандық БАҚ редакцияларынан мұндай материалдарды қайта жариялағанда немесе оған сілтеме жасаған кезде Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жүгініп, ақпаратты растауды немесе түсініктеме алуын сұрайды. Сондай-ақ ҰҚК жалған ақпаратты таратпауға шақырады.
Жергілікті әкімшілік қызметкерлері де оқиғадан кейін халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізген.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық