Кәсіподақ: ең төменгі жалақы мәселесін көтеру қажет
Елімізде еңбекақы мен оның жүйесін қалыптастыруға қатысты белгілі бір жолға қойылған тұжырымдық жүйе жоқ. Халықаралық дөңгелек үстел барысында бұл мәселе де шет қалмай, тілге тиек етілді.
Онлайн өткен жиынға Қазақстан кәсіподақ федерациясы мен Халықаралық еңбек ұйымдарының өкілдері қатысты. Мамандар еліміздегі еңбек жүйесі мен оның қалыптасу жолдарын сөз етті.
Сонымен қатар жалақыны жыл сайын заңнамалық тұрғыда индекстеу мәселесі де көтерілді. Кәсіподақ ұжымдық шарттар мен салалық келісімдердің құқықтық маңызы мен рөлін көтеріп, нақтылап бекітуді көздейді. Ең бастысы бұның бәрі мәселе күйінде қалмай, заңды түрде шешілуі қажет.
Кәсіподақ федерациясы осы тұрғыдағы талабы мен ұстанымын Үкіметке жібермек.
— Бізде үш жылдан бері ең төменгі жалақы мөлшері өзгерген жоқ. 42500 теңге мөлшерінде тұр. Кәсіподақтар осы төменгі жалақыны кезең-кезеңімен ұлғайтуды көздейміз. Оны қандай мөлшермен ұлғайту керек дегенге келсек, бізде халықаралық еңбек ұйымының ұсынысы бар. Алдыға кеткен, дамыған елдерде қалыптасқан жағдай – ол сол ел бойынша бекітілген орта жалақының 50 пайызынан төмен болмауы керек, - дейді ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық