Кәсіпкерлер мемлекеттік тілдегі тауар заттаңбасын қажетсінбейді
Кәсіпкерлер тауарлардағы мемлекеттік тілдегі жапсырмалар мен заттаңбаларды алып тастауды сұрады. Бүгін Нұр-Сұлтанда Дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі штабтың отырысы өтті.
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысы өтті. Бизнес-қоғамдастық өкілдері импорттық тауарларға қатысты мемлекеттік тілдегі заттаңбалар (этикетка) мен қосымшаларды жапсыру туралы заңнама талаптарын уақытша алып тастауды ұсынды.
Олардың пікірінше, мұндай шешімнің қабылдануы заттаңбаларды әзірлеуге, қайталауға және бекітуге байланысты бизнес шығындарын айтарлықтай төмендетуі мүмкін. Ал балама ретінде сауда сөрелерінде тауар туралы барлық қажетті ақпаратты қамтитын тауар QR кодтарын уақытша пайдалану ұсынылды.
«Бизнес-қоғамдастық өкілдері өз ұсынысында мемлекет басшысына басқа реттеу тәртібін белгілейтін тапсырмалар беруге немесе актілерді қабылдауға, оның ішінде заңнамалық актілерді енгізу шеңберінде 2020 жылғы 20 наурыздағы № 286 Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығы ережелеріндегі мемлекеттік бақылау, халықаралық міндеттемелерді сақтау және тағы басқаларды басшылыққа алды» деді жедел штаб.
Премьер-министр кәсіпкерлердің бастамасын қолдап, осы аптаның соңына дейін Қазақстан Республикасы Президентінің тиісті жарлығының жобасын дайындауды, сондай-ақ оны мемлекет басшысының қарауына шығаруды тапсырды.
Жедел штабтың келесі отырысы 24 наурызға жоспарланған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық