Кәсіпкерлер Бекшиннен карантинді жеңілдетуді сұрады
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы үндеу жасады.
Бұл туралы Orda.kz Атамекен сайтына сілтеме жасап хабарлады.
Біз Қазақстандағы күрделі эпидемиологиялық жағдайдың ауырлығын түсінеміз. Алайда, алматылық санитарлық дәрігердің 19 наурыздағы шешімі тым қатал деп ойлаймыз. Осы шектеулердің 27 наурыздан 12 сәуірге дейін ұзартылуы кәсіпкерлердің наразылығын тудыруда.
«ATAMEKEN»
Олар Алматының санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшинге алдағы күндері «қызыл» аймақта орналасқан мегаполистің шектеу шараларын жеңілдетуді сұрады.
– Кәсіпкерлердің басты сұранысы - бизнесті және жұмыс орындарын сақтау үшін оларға жұмыс істеуге мүмкіндік беру. Егер бұл мүмкін болмаса, онда зардап шеккен бизнеске былтырғыдай тиісті мемлекеттік қолдау көрсетуі керек.
«Атамекен» Ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп, қызметіне әлі де болса тыйым салынған немесе шектелген кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың қосымша шаралар пакетін дайындауда.
ҰКП жүргізген сауалнамаға сәйкес, кәсіпкерлерге ең көп қолдау көрсету шаралары:
- салықтар мен несиелерді кейінге қалдыру;
- қолданыстағы несиелерді қайта қаржыландыру;
- жалақы қорынан салықтар мен төлемдерден босату;
- жалдау ақысы мен коммуналдық төлемдерді төлеуге көмек.
Өздерінің қызметкерлері үшін бизнес өкілдері 42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік төлемдер мен тұтынушылық несиелер бойынша төлеу мерзімін ұзартуды сұрайды.
Айта кетсек, бүгін Алматы қаласының бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы шықты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық