ҰҚК шекара қызметінің ұшағы Алматы әуежайына жақын жерге құлады
Алматы әуежайы маңында ҰҚК шекара қызметінің ұшағы апатқа ұшырап, төрт адам қаза тапты.
— Шамамен 17.20-да Ан-26 ұшағымен байланыс үзілді. Алдын ала ақпарат бойынша, ұшақ шекара бөлімшелерінің біріне тиесілі және Нұр-Сұлтаннан Алматыға ұшқан, бортта алты адам болған. Біздің тиісті қызметтер оқиға орнына кетті, сонда жұмыс істеп жатыр. Әзірге рейстер кідірісі жоқ, деді Алматы әуежайының баспасөз қызметі.
Алматы денсаулық сақтау басқармасы ұшақтағы алты адамның төртеуі қаза тапты деп хабарлады. Екеуі Іле аймағындағы жақын ауруханаға жеткізілді.
— Алматы әуежайында апатқа ұшыраған ұшақта қаза болған әскери қызметкерлердің туыстары мен жақындарына көңіл айтамын.Жарақат алғандардың тезірек сауығып кетуін тілеймін.Менің тапсырмам бойынша әуе апатының себептерін анықтау жұмыстары басталды.Бұндай оқыс оқиғалар қайталанбауыкерек, деп жазты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter парақшасында.
Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі ұшақтағы өртті жойғанын хабарлады.
— 17.25-те Алматы әуежайының диспетчерлік қызметіне хабарлама келіп түсті. 17.22-де Ан-26 әскери ұшағы Нұр-Сұлтан – Алматы бағытында ұшқан әскери ұшақ радардан жоғалып, Алматы әуежайына шұғыл қонғаны туралы ақпарат түсті», деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрліігі.
Оқиға орнында құтқару қызметі мен жедел жәрдем бригадасы жұмыс істеп жатыр.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық