Көше партиясының төрт белсендісі 5 жылға сотталды
Суретте Көше партиясының белсенділері
Көше партиясының төрт азаматтық белсендісі 5 жылға сотталып, жәбірленушілер қорына 20 АЕК айыппұл төлеу міндеттелді.
Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
Сотталушылар:
- Асхат Жексебаев;
- Абай Бегімбетов;
- Қайрат Қылышев;
- Ноян Рахымжанов.
Олар жазасын орташа қауіпсіздік мекемелерінде өтейді.
Алматы қаласының №2 Алмалы ауданының судьясы Ернар Қасымбеков сот «экстремист» деп таныған «Көше партиясы» ұйымына қатысқан жағдайда 12 айыпталушының барлығына кінәлі үкім шығарды.
- Диана Баймағамбетова екі жылға бас бостандығынан айрылып, 100 сағат қоғамдық жұмыстарға тартылды. Қалғандары: Дәметкен Аспандиярова, Бақдәулет Әлібеков, Гүлзипа Жәукерова, Нинагүл Жұманиязова, Ермек Қозиев, Марат Урбанов, Дархан Уалиев үш жылға бас бостандықтарынан айрылды. Енді олар қоғамдық қызмет атқара алмайды. Бас бостандығынан шектелгендерге жәбірленушілер қорына 10 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Сотталушылар: «Сотқа ұят!» деп айқайлады, - адвокат Жанара Балғабаева Orda.kz тілшісіне.
Осылайша, судья айыпталушыларға жаза тағайындау туралы прокурордың талаптарын қанағаттандырды.
Адвокаттың айтуынша, қорғаушы тарап үкімге апелляциялық тәртіпте шағымданады.
Еске салсақ, белсенділердің соты 27 шілдеде басталды. Олардың барлығы қоғамдық-саяси мәселелер бойынша өз пікірін ашық айтады, сонымен қатар митингтерге қатысады.
2020 жылы Нұр-Сұлтан Есіл аудандық соты «көше партиясын» экстремистік деп таныды және оның қызметіне тыйым салды. 2018 жылы дәл осы себеппен бұрынғы банкир және өзін оппозициялық саясаткер санайтын Мұхтар Әблязовтың құрған Қазақстанның демократиялық таңдауы (ҚДТ) қозғалысының жұмысына шектеу қойылды. Белсенділер «Көше партиясы» - тәуелсіз ұйым деп санайды. ҚДТ мен Көше партиясына тыйым салатын сот шешімдері жарияланған жоқ. Еуропарламент бұл екі ұйымды «бейбіт оппозициялық қозғалыс» деп атайды.
Екі ұйым да Қазақстанда авторитарлық басқаруды тоқтатуды және парламенттік басқару жүйесіне көшуді талап етеді.
Осы жылдың шілдесінде Human Rights Watch (HRW) халықаралық құқық қорғау ұйымы Нұр-Сұлтанды белсенділерді қудаламауға және саяси оппозициялық қозғалыстарға «экстремизм» деп айыптаудан гөрі олардың еркін жұмыс істеуіне мүмкіндік беруге шақырды.
Авторы: Махамбет Абжан
Аударған: Айнура Дарибаева
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық