Кәрім Мәсімовтің тағы бір орынбасары қамауға алынды
Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің төрағасы болған Кәрім Мәсімовтың тағы бір бұрынғы орынбасары Марат Өсіпов қамауға алынды.
«2022 жылғы 22 ақпанда лауазымдық өкілеттіліктерді асыра пайдалану күдігі бойынша ҰҚК Төрағасының бұрынғы орынбасары М.С.Өсіпов ұсталды. 2022 жылғы 23 ақпанда сот санкциясымен оған қатысты қамауда ұстау бұлтартпау шарасы қолданылды» делінген хабарламада.
Өсіпов 2016 жылдың қаңтарынан 2022 жылдың 9 қаңтарына дейін ҰҚК төрағасының орынбасары қызметін атқарған.
Еске салайық, Қазақстанда тәртіпсіздікке ұласқан жаппай наразылықтардан кейін жоғары шенді барлау қызметкерлерін ұстау басталды. Алдымен Кәрім Мәсімов ҰҚК басшысы қызметінен алынып, мемлекетке опасыздық жасады деген күдікпен қамалды. Оның орнына Ермек Сағымбаев тағайындалды. Сондай-ақ ҰҚК басшысының орынбасарлары – Әнуар Садықұлов пен Дәулет Ерғожин де қызметтерінен босатылды. 13 қаңтарда Мәсімов те билікті күшпен басып алу және билікті асыра пайдалануға бағытталған әрекеттері үшін күдікке ілінгені белгілі болды.
Садықұлов пен Ерғожиннің ұсталғаны туралы да белгілі болды. Кейін Мәсімов пен Садықұловты сот қамауға алып, іс «өте құпия» санатқа жатқызылғаны белгілі болды. 7 ақпанда сот санкциясымен Ерғожин де қамауға алынды. 8 ақпанда ҰҚК «Арыстан» арнайы қызметінің директоры мен осы қызмет орталығының басшысы ұсталғаны белгілі болды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық