Кәрім Мәсімовтың інісі Нұрлан Мәсімовке іздеу жарияланды
20 сәуірде сот Павлодар облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Нұрлан Мәсімовті сырттай қамауға алуға санкция берді.
Оған ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабының 4-бөлігі «Пара алу» бойынша айып тағылып отыр. Orda.kz дереккөзінің хабарлауынша, пара сомасы 60 миллион теңгені құрайды.
Істі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті ішкі істер министрлігімен бірлесіп тергеп жатыр.
«Павлодар облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Павлодар облысы полиция департаментінің экс-бастығы полиция генерал-майоры Н.М. Мәсімовке қатысты аса ірі мөлшерде пара алды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеуді бастады (Қылмыстық кодекстің 366-бабы 4-бөлігі бойынша).
Осы факті бойынша оның іс-әрекеті сырттай сараланып, тергеу соты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасымен санкциялады.
Қазіргі уақытта Н.М. Мәсімовке іздеу жарияланды, іс бойынша оның орналасқан жерін анықтау үшін қажетті жедел-іздестіру іс-шаралары және істің барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған басқа да тергеу іс-әрекеттері жүргізілуде.
Тергеу нәтижелері бойынша тиісті іс жүргізу шешімі қабылданатын болады» делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің хабарламасында.
Нұрлан Мәсімов пен ҰҚК-ның бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовтің әкелері бір-біріне аға-іні болып келеді.
Еске салсақ, Қырғызстан шекарасынан өтпек болған Павлодар облыстық полиция департаментінің бұрынғы басшысы Нұрлан Мәсімов қамауға алынды деген хабар тараған болатын.
«Павлодар облыстық полиция департаментінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовтің інісі, генерал Мәсімов бір күн бұрын қамауға алынған. Генералдың Қырғызстан шекарасын Қордай шекара бекеті арқылы жаяу кесіп өтпек болғаны расталды» делінген хабарламада.
17 қаңтар күні Павлодар облыстық полиция департаментінің басшысы Нұрлан Мәсімов қызметінен босатылды. Оның орнына Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың інісі Василий Скляр тағайындалды.
Сонымен қатар, Нұрлан Мәсімовтың ағасы Кәрім Мәсімов ҰҚК басшысы қызметінен босатылып, мемлекетке опасыздық жасады деген күдікпен қамауға алынып, оның орнына Ермек Сағымбаев тағайындалды. Сондай-ақ, ҰҚК басшысының орынбасарлары – Әнуар Садықұлов пен Дәулет Ерғожин де қызметтерінен босатылды. 13 қаңтарда Мәсімовтің де билікті күшпен басып алуға және билікті асыра пайдалануға бағытталған әрекеттерімен күдікке ілінгені, Садықұлов пен Ерғожиннің ұсталғаны туралы да белгілі. Кейін Мәсімов пен Садықұловты сот қамауға алып, іс «құпия» санатқа жатқызылғаны айтылды.
8 ақпанда ҰҚК «Арыстан» арнайы қызметінің директоры мен осы қызмет орталығының басшысы ұсталғаны, ал 23 ақпанда комитет басшысының тағы бір бұрынғы орынбасары Марат Өсіповтың ұсталғаны белгілі болды.
Қаңтар оқиғасынан кейін 19 қаңтарда Тоқаев Мұрат Бектановты қорғаныс министрі қызметінен алып, орнына Руслан Жақсылықовты тағайындады. Кейін жаңа министрді таныстырған кезде мемлекет басшысы Бектановты қаңтар оқиғасы кезінде «қолбасшылық қасиет көрсетпеді» деген пікірін айтып, қатты сынға алды. 19 ақпанда Бектанов қамауға алды. Оған Қазақстандағы қаңтар оқиғасына байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 452-бабы (билік әрекетсіздігі) бойынша айып тағылып отыр.
10 наурызда ҰҚК Мәсімовке тағылған айыптар тағы да қосылды. Ол комитетті басқарған кезде жабық келісім-шарттардың бірі бойынша шет мемлекет өкілдерінен 2 миллион доллар көлемінде пара алды деген айып тағылғанын хабарлады. Сондай-ақ, кәсіпкерлік құрылымдардың бірінен жоғарыда аталған элиталық қонақ үй мен Нұр-Сұлтан қаласындағы жер телімін заңсыз алған. Үйден ірі көлемдегі қолма-қол шетел валютасы, сәнді заттар мен басқа да құндылықтар табылды. Мәсімовтің мүлкіне баға беріліп, ресми деректердегі кейбір сәйкессіздіктерді анықталды. Сонымен қатар, ҰҚК көрсеткен Мәсімовтің үйі бұрын Назарбаевтың мемлекеттік резиденциясы болғаны анықталды.
Наурыздың 16-сы күні Тоқаев қауіпсіздік күштерінің қаңтардағы жоспары ел басшылығын кетіру екенін айтты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық