Кәрім Мәсімовтың қамауда ұстау мерзімі ұзартылды
Фото: ТАСС
ҰҚК экс-басшысы Кәрім Мәсімов пен оның орынбасары Әнуар Садықұловтың қамауға алу мерзімі 6 тамызға дейін ұзартылғаны белгілі болды. Дәулет Ерғожиндікі 13 тамызға дейін ұзартылды.
Осылайша, ҰҚК-нің бұрынғы басшысы 6 айдан бері қамауда отыр. Соңғы рет оның қамауға алу мерзімі 6 маусымда ұзартылған.
ҰҚК тергеу-жедел тобы Кәрім Мәсімовке, Әнуар Садықұловқа, Дәулет Ерғожинге және басқа да тұлғаларға қатысты мынадай баптар бойынша қылмыстық істерді тергеп жатқанын айтты.
- ҚР Қылмыстық кодексінің 175-бабының 1-бөлігі – Мемлекетке опасыздық жасау – қарулы қақтығыс кезінде жау жағына өту, тыңшылық.
- ҚР Қылмыстық кодексінің 179-бабының 3-бөлігі - Билікті басып алуға немесе ұстап қалуға үгіт-насихат немесе жария түрде шақыру.
- ҚР Қылмыстық кодексінің 218-бабы, 3-бөлігі, 3-тармағы – Қылмыстық жолмен алынған ақшаны немесе мүлікті заңдастыру.
- ҚР Қылмыстық кодексінің 362-бабы, 4-бөлігі, 3-тармағы - Ауыр зардаптарға әкеп соққан билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану.
- ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабының 4-бөлігі - Аса ірі мөлшерде пара алу.
Экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына қарсы күрес жөніндегі комиссия бір күн бұрын Қазақстанға заңсыз шығарылған қаражаттың қайтарылуының жай-жапсарымен бөлісті. Кәрім Мәсімовтің пара ретінде алып, шетел асырған 3 млн доллары Қазақстанға қайтарылды.
Ал 14 шілдеде Ресейге қашпақ болған кезде оның немере інісі, Павлодар облыстық полиция басқармасының бұрынғы бастығы Нұрлан Мәсімов те ұсталды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық