Кәрім Мәсімовтің ісі бойынша жаңа ақпарат жарияланды
Фото: Ашық дереккөзден
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовті қамауға алу мерзімі ұзартылды. Ол ҚР Қылмыстық кодексінің бес бабы бойынша тергеліп жатыр.
«25 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласының тергеу соты Кәрім Мәсімовке қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын үш айға ұзартты» делінген ҰҚК-ның Informburo.kz -ке берген жауабында.
ҰҚК бұрынғы басшысын тергеу кезінде оның мүлкі сот шешімі бойынша тәркіленген.
ҰҚК тергеу тобы Мәсімовті және басқа да тұлғаларды ҚР Қылмыстық кодексінің келесі баптары бойынша тергеп жатқанын хабарлады:
- 366-баптың 4-бөлігі – пара алу;
- 362-баптың 4-бөлігінің 3-тармағы – билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану;
- 175-баптың 1-бөлігі – мемлекетке опасыздық жасау;
- 179-баптың 3-бөлігі – ҚР Конституциясын бұзып, билiктi күшпен басып алуға немесе билiктi күшпен ұстап тұруға не Қазақстан Республикасының конституциялық құрылымын күштеп өзгертуге бағытталған әрекеттер;
- 218-баптың 3-бөлігі – қылмыстық құқық бұзушылықтардан түскен табыстар болып табылатын мүлікті конверсиялау немесе аудару түрінде мәмілелер жасасу арқылы қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге мүлікті заңды айналымға тарту не мұндай мүлікті иелену және пайдалану.
Еске салсақ, қаңтардағы тәртіпсіздіктерден кейін ҰҚК бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов ұсталған болатын. Бас прокуратураның соңғы ұсынған мәліметі бойынша ол 17 жылға сотталуы мүмкін.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық