Кәрім Мәсімовтің інісі Қырғызстанға қашып кетті ме? ІІМ министрі жауап берді
Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Кәрім Мәсімовтің інісі Нұрлан Мәсімовке қатысты жаңа дерекпен бөлісті.
Марат Ахметжанов «Тиек» YouTube-арнасы жариялаған бейнесұхбатта Мәсімовке қатысты барлық сұраққа жауап берді.
Министр Ахметжанов Нұрлан Мәсімовтің Павлодар облысы полиция департаментінің басшысы ретінде білетінін айтты.
– Әрине танимын. Мен осы салада 30 жылдан бері жұмыс істеп жатырмын ғой. Прокуратура, сыбайлас жемқорлық саласында еңбек еттім. Нұрлан Мәсімовті департамент басшысы ретінде танитынмын. Қандай кісі екенін білмеймін. Жалпы департамент басшысы ретінде таныспын, – деді Марат Ахметжанов.
Министр Мәсімовтің інісіне қатысты тергеу амалдары бойынша жасыратын ештеңесі жоқ екенін жеткізді.
– Қазір бұл істі бірігіп жүргізіп жатырмыз. Оның ішінде ішкі қауіпсіздік қызметкерлері мен тергеу саласының мамандары бірігіп тергеп жатыр. Осы қылмыстық іс бойынша Павлодар облыстық ПД басшысының орынбасары ұсталған. Ол тергеу барысында бюджеттің қаржысын жымқырған деген күдікке ілінді. Осы тұрғыдан алғанда департаменттің бұрынғы басшысына да біраз сұрақтар бар, – деді Марат Ахметжанов.
Іздеуде жүрген Нұрлан Мәсімов шетелге шығып үлгермеген. Алайда оның нақты қай жерде екені белгісіз.
– Қайда жүргені белгілі болса ұсталады ғой. Қазір осыған байланысты іздеу амалдары жүріп жатыр. Ол Қазақстаннан шыққан жоқ. Біздегі дерек бойынша шекарадан шықпаған. Оны жедел іздестіру шаралары көрсетеді, – деді министр.
Еске салсақ, 20 сәуірде сот Павлодар облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Нұрлан Мәсімовті сырттай қамауға алуға санкция берді.
«Павлодар облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Павлодар облысы полиция департаментінің экс-бастығы полиция генерал-майоры Нұрлан Мәсімовке қатысты аса ірі мөлшерде пара алды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Қазіргі уақытта Нұрлан Мәсімовке іздеу жарияланды, іс бойынша оның орналасқан жерін анықтау үшін қажетті жедел-іздестіру іс-шаралары және істің барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған басқа да тергеу іс-әрекеттері жүргізілуде.
Нұрлан Мәсімов пен ҰҚК-ның бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовтің әкелері бір-біріне аға-іні болып келеді.
Сонымен қатар, Қырғызстан шекарасынан өтпек болған Павлодар облыстық полиция департаментінің бұрынғы басшысы Нұрлан Мәсімов қамауға алынды деген хабар тараған болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық