Кәрім Мәсімовті қамауға алу мерзімі тағы бір айға ұзартылды
фото: Sputnik / Владислав Воднев
Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовті қамауға алу мерзімі тағы бір айға – 6 маусымға дейін ұзартылды.
Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.
ҰҚК басшысының бұрынғы орынбасарлары Әнуар Садықұловтың қамауға алу мерзімі де 6 маусымға дейін, Дәулет Ерғожиннің қамау мерзімі 13 маусымға дейін ұзартылды. Олар 13 қаңтарда қамауға алынды. Олардың үстінен билікті күштеп тартып алуға және қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдалануға бағытталған әрекеттер фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Еске салсақ, 8 қаңтарда ҰҚК бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің ұсталғанын хабарлады. Оған қатысты қылмыстық іс «өте құпия» санатына жатқызылды. Комитеттің бұрынғы басшысы өзіне немесе басқаларға пайда мен артықшылықтар алу мақсатында қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланды. Сондай-ақ, мемлекетке опасыздық жасады және билікті күштеп басып алуға немесе Қазақстанның конституциялық құрылысын өзгертуге бағытталған әрекеттер жасады деген күдікке ілінді.
Кейін ҰҚК одан тәркіленген сәнді заттарды көрсетті. Сонымен қатар министрлік Кәрім Мәсімовтің жабық келісімшартты алу үшін шет мемлекеттің өкілдерінен 2 миллион доллар пара алғанын хабарлады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық