Кәрім Мәсімовтің қамауға алу мерзімі 6 мамырға дейін ұзартылды
фото: Sputnik / Владислав Воднев
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-төрағасы Кәрім Мәсімовтің қамауға алу мерзімі 6 мамырға дейін ұзартылды.
Бұл туралы ҰҚК-ның Sputnik Қазақстанға ресми сауалына берген жауабында айтылған.
Мәсімовтің бұрынғы орынбасарларының қамауға алу мерзімі де ұзартылды.
«Мәсімов пен Садықұловтың қамау мерзімі 2022 жылдың 6 мамырына дейін, Ерғожиннің қамау мерзімі 2022 жылдың 8 мамырына дейін ұзартылды» делінген хабарламада.
ҰҚК төрағасының экс-орынбасары Марат Осиповты қамауда ұстау мерзімін үш айға ұзарту туралы материалдар да прокуратураға жіберілді.
«Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды» деп хабарлады ҰҚК.
Кәрім Мәсімовтің қамау мерзімінің ұзартылғаны туралы жұртшылық, жақын достары мен отбасы 24 наурызда құпия сот шешімі шыққаннан кейін бір айға жуық уақыт өткен соң ҰҚК-нің баспасөз мәлімдемесінде білген.
Бұған дейін, мемлекеттік опасыздық жасады деп айыпталған ҰҚК-ның бүрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов көптеген созылмалы аурулармен ауырады деген ақпарат тараған болатын.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті экс-басшы Кәрім Мәсімовтің тергеу изоляторындағы қамаудағы жағдайын жария етуден бас тартты.
Бұл ақпарат жеке, медициналық және басқа да қорғалатын ақпаратқа, сондай-ақ алдын ала тергеу құпиясына жатады.
Еске салсақ, Кәрім Мәсімов ҰҚК басшысы қызметінен босатылып, мемлекетке опасыздық жасады деген күдікпен қамауға алынды. Оның орнына Ермек Сағымбаев тағайындалды.
Сондай-ақ, ҰҚК басшысының орынбасарлары – Әнуар Садықұлов пен Дәулет Ерғожин де қызметтерінен босатылды. 13 қаңтарда Мәсімовтің де билікті күшпен басып алуға және билікті асыра пайдалануға бағытталған әрекеттерімен күдікке ілінгені, Садықұлов пен Ерғожиннің ұсталғаны туралы да белгілі. Кейін Мәсімов пен Садықұловты сот қамауға алып, іс «құпия» санатқа жатқызылғаны айтылды.
8 ақпанда ҰҚК «Арыстан» арнайы қызметінің директоры мен осы қызмет орталығының басшысы ұсталғаны, ал 23 ақпанда комитет басшысының тағы бір бұрынғы орынбасары Марат Өсіповтың ұсталғаны белгілі болды.
Қаңтар оқиғасынан кейін 19 қаңтарда Тоқаев Мұрат Бектановты қорғаныс министрі қызметінен алып, орнына Руслан Жақсылықовты тағайындады. Кейін жаңа министрді таныстырған кезде мемлекет басшысы Бектановты қаңтар оқиғасы кезінде «қолбасшылық қасиет көрсетпеді» деген пікірін айтып, қатты сынға алды. 19 ақпанда Бектанов қамауға алды. Оған Қазақстандағы қаңтар оқиғасына байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 452-бабы (билік әрекетсіздігі) бойынша айып тағылып отыр.
10 наурызда ҰҚК Мәсімовке тағы тағылған айыптар тағы да қосылды. Ол комитетті басқарған кезде жабық келісім-шарттардың бірі бойынша шет мемлекеттің өкілдерінен 2 миллион доллар көлемінде пара алды деген айып тағылғанын хабарлады. Сондай-ақ кәсіпкерлік құрылымдардың бірінен жоғарыда аталған элиталық қонақ үй мен Нұр-Сұлтан қаласындағы жер телімін заңсыз алған. Үйден ірі көлемдегі қолма-қол шетел валютасы, сәнді заттар мен басқа да құндылықтар табылды. Мәсімовтің мүлкіне баға беріп, ресми деректермен кейбір сәйкессіздіктерді анықтады. Сонымен қатар, ҰҚК көрсеткен Мәсімовтің үйі бұрын Назарбаевтың мемлекеттік резиденциясы болғанын анықтады.
Наурыздың 16-сы күні Тоқаев қауіпсіздік күштерінің қаңтардағы жоспарының мақсаты ел басшылығын кетіру екенін айтты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық