Кәрім Мәсімов пен Тимур Құлыбаевтың Дубайдағы мүлкі әшкере болды
Коллаж Orda.kz
Жақында қазақстандықтардың Дубайда құны миллиард долларға бағаланған жылжымайтын мүлкі бар екені анықталды.
ЕО салық обсерваториясының есебіне сәйкес, 1550 қазақстандықтың Дубайда жалпы құны 1,018 млрд доллар болатын 2694 мүлкі бар. Орта есеппен қазақстандықтар бір жылжымайтын мүлікке 377 989 доллар жұмсаған.
Сарапшылар Дубайдағы 800 000 жылжымайтын мүлік иелері туралы мәліметтерге талдау жасады. Осылайша, оффшорлық жылжымайтын мүліктің үлесі көлемді болып шықты: кем дегенде 146 млрд долларды шетелдіктер нарыққа шет компаниялар арқылы инвестициялады. Бұл Лондондағыдан екі есе көп.
OCCRP Дубайдағы ең қымбат жылжымайтын мүлік қай қазақстандыққа тиесілі деген сұраққа жауап берді.
Әзірге олардың бірнешеуі ғана белгілі:
- Нұрсұлтан Назарбаевтың немересі Нұрәлі Әлиев;
- Бұрынғы премьер-министр және ҰҚК-нің экс-басшысы Кәрім Мәсімов (қазір тұтқында);
- Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаев.
Нұрәлі Әлиев Астана әкімінің орынбасары бола тұрып, Дубайдан резиденция сатып алған. Ол бұл қызметті 2014-2016 жылдар аралығында атқарған. Сол жылдары ол Дубайдың әртүрлі сәнді аймақтарында төрт резиденцияға ие болған. Әлиевтің екі пентхаусы Парсы шығанағы жағалауындағы Jumeirah Beach Residence шағын ауданында орналасқан. Тағы екі резиденция Дубайдағы элиталық Маринада орналасқан.
Кәрім Мәсімовтің Дубайдағы Executive Towers кешенінде пәтерлері бар. Бұл 12 мұнарадан тұратын кешен, оның 10-ы тұрғын үй. Кәрім Мәсімовтің тағы бір пәтері International City Dubai-де орналасқан.
Тимур Құлыбаев Дубайдағы ең қымбат орындардың бірінде: Пальма-Джумейрада пәтерлерге иелік етеді, мұнда жылжымайтын мүлік құны қазір 20 млн долларға жетеді.
ЕО салық обсерваториясының есебіне сәйкес, активтердің көпшілігі оффшорлық компаниялар арқылы сатып алынған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық