Кәрім Мәсімов пен орынбасарларына қарсы бұлтартпау шарасы қолданылған
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов пен оның орынбасарларына қатысты ақпарат жарияланды.
Шетелдік басылымдардың біріне Қазақстанның ҰКҚ қызметі Мәсімов пен Садықовқа қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланғанын айтқан, ал Ерғожинге қатысты бұлтартпау шарасы әлі қарастырылып жатыр.
Қылмыстық іске материалдарына «өте құпия» деген белгі берілген. ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етуге жатпайды.
Сондай-ақ, ҰҚК қылмыстық іс ҚР ҚК-нің үш бабында көзделген қылмыс белгілері бойынша тергеліп жатқанын хабарлады.
Күдіктілерге мемлекетке опасыздық жасау және билікті күшпен басып алуға не Қазақстанның конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге бағытталған әрекеттерден басқа, «билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану» деген айып тағылады.
Еске салайық, 8 қаңтар күні ҰҚК Кәрім Мәсімовтың мемлекетке опасыздық жасады деген күдікпен ұсталғанын хабарлаған болатын. ҰҚК экс-басшысымен бірге осы іс бойынша оның бұрынғы орынбасарлары да тергеліп жатыр, олар: «А» арнайы тағайындау қызметінің бастығы Әнуар Садықұлов пен Дәулет Ерғожин.
Айта кетейік, «А» арнайы мақсаттағы қызметі 2016 жылғы 22 қарашада президенттің жарлығымен құрылған.
Бөлімше аты аңызға айналған Қазақстан Республикасы ҰҚК «Арыстан» қызметінің құқықтық мирасқоры және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «жауынгерлік қанаты» саналады. Оның негізгі міндеті терроризмге қарсы күрес және ұлттық қауіпсіздік органдарының жедел іс-шараларын күшпен қолдау болып табылады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық