Күрестен әлем чемпионаты: Кебіспаев қола жүлдегері атанды

cover

67 келіге дейінгі салмақта сынға түскен қазақстандық грек-рим күресшісі Алмат Кебіспаев Ослода (Норвегия) өткен әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Қола үшін жекпе-жекте ол Түркиядан келген Мұрат Фыратпен кездесіп, оны 7:4 есебімен жеңді.

Кебіспаев Ослодағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының соңғы өкілі болды.

Бұған дейін Қазақстанның Ослодағы жалғыз финалына күміс жүлдегер атанған Жәмила Бақбергенова шықты.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар