Көп балалы және мүгедек бала тәрбиелеп отырған аналар Алматы әкімдігіне талап қойды
Әйелдер мерекесі қарсаңында, жұма күні Алматыда көп балалы және мүгедек бала тәрбиелеп отырған оншақты әйел әкімдікке барып, баспана мәселесін шешуді талап етті. Олар ұзақ жылдардан бері баспана кезегінде тұрғанын, кезектің өте баяу жылжып жатқанын айтып шағымданды, деп хабарлайды ORDA. Азаттық радиосына сілтеме жасап.
— 2018 жылдан бері әкімдік табалдырығын тоздырып келеміз. Бірақ кезегіміз де жылжыған жоқ, мәселеміз де шешілген жоқ. Сағынтаевтың өзіне де хат жібердік. Әкім хаттағы талапты орындамақ түгілі жауап та жазған жоқ, деп шағынды Балжан Бағашарова есімді көп балалы ана.
Жиналғандар қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың шығуын талап етіп, «Сағынтаев, шық!» деп айқайлады. Наразы топ баспана кезегінде тұрған, мүгедек бала тәрбиелеп отырған аналар мен көп балалы отбасыларды бөлек-бөлек кезекке қоюды сұрады.
Әйелдер баспанадан бөлек, мүгедек балаларға мемлекеттен қамқорлықтың аздығы, мүгедек санатын алудағы құжат қиындықтары сияқты түрлі әлеуметтік мәселелерді көтерді.
Әкімдік өкілдерінің сөзіне қарағанда:
Мүгедек бала тәрбиелеп отырған және көп балалы аналарға баспана бойынша жеке тізім құрастыру заңда қарастырылмаған. Бірақ әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған топ өкілдеріне арналған жеке бағдарламалар бар.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық