ҰҚК-нің қандай даулы істерге қатысы бар?
gov.kz
Der Spiegelдің қатысуымен The Insider, Bellingcat CNN сияқты басылымдар өздері жариялаған зерттеулерінде ресейлік оппозиционер Алексей Навальныйға жасалған қастандыққа ФСБ-ның сегіз тобының қызметкерлері араласқан деп хабарлаған.
ORDA. осы орайда қазақстандық қауіпсіздік қызметінің араласуымен жасалған даулы істерді еске түсірді.
Алтынбек Сарсенбаев

Оппозиялық саясаткер Алтынбек Сәрсенбаев 2006 жылы өлтірілген болатын. Осы жылдар ішінде оны өлтіруге тапсырысты кім бергені анықталмағандықтан, әлі де талас тудыруда.
Сәрсенбаев және оның көлік жүргізушісі Василий Журавлев пен оққағары Бауыржан Байбосынның оқ тиген өлі денелері 13 ақпанда Алматы облысы Талғар ауданы «Көктөбе» мен «12 бригада» елді мекендерінің арасындағы жол бойынан табылғаны белгілі.


Алтынбектің әріптестері оның өлімін бірден саяси өлім деп бағалап, бұл өлімге жауап беретін билік деді. Бұл қылмысқа қауіпсіздік комитеті қызметкерлерінің қатысы бар деген ақпарат ең алғаш БАҚ беттерінде жарияланып, онда ақпарат көзі ретінде тергеу тобының деректеріне сілтеме жасалған болатын. Ақпанның жиырмаларында Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті кенеттен өз қызметкерлерінің Алтынбек Сәрсенбаевты ұрлап әкетуге қатысы бар екенін жариялады. Бірақ арасына қосқан түзетулерінде «оларды – ұрлаушыларды кісі өлтіруші деуге болмайды, олар тек тиісті адамдарға, яғни, кісі өлтірушілерге оппозиционерді тапсырумен ғана шектелді», - деп мәлімдеді.
Тергеушілер ҰҚК қызметкерлерінің қоңырауларын да тексере келе, бұл қалта телефондардың өлтірілген адамдардыкі екендігін анықтады. Дәлірек айтқанда өлтірілген көлік жүргізуші мен оққағардың телефондары «Абель», «Тайсон» деген лақап атпен белгілі ҰҚК-нің «Арыстан» арнаулы қызметінің екі офицерінің - бірінің әйелі, екіншісінің ашынасы пайдаланғаны белгілі болды.
Бұдан кейін ҰҚК-нің төрағасы Нартай Дүтбаев, оның екі орынбасары Владимир Божко мен Қозы-Көрпеш Кәрбозов және «Арыстан» қызметінің командирі Сержан Қойбақов отставкаға кетті.


Қазақстанда орын алған ең шулы саяси өлім салдарынан 10 адам сотталды. Олардың 8-і ҰҚК-нің қызметкерлері болып шықты. Олар әртүрлі мерзімге - ең азы үш жылға түрмеге тоғытылған болатын. Подполковник Ерғали Қасымов кезекшілікте тұрғанда кісі өлтіруге қатысушы қызметкерлерге қару бергені үшін сотталды. Қазір ол бостандықта жүр.
2015 жылдың тамызында 11 жылға сотталған ҰҚК-нің қызметкері Ерлан Ералиев шартты мерзіммен түрмеден босатылды.
Нартай Дүтбаев

Дүтбаев қауіпсіздік қызметі саласында 1982 жылдан бері қызмет атқарды. 2001 жылы ҰҚК төрағасы болып тағайындалды. 2006 жылы ҰҚК қызметкерлерінің Сәрсенбаевты өлтіруге қатысты болғанына байланысты отставкаға кетті. Одан кейін әр жылдары ҰҚК Академиясының басшысы, «НАК «Казатомпром» АҚ-ы президентінің кеңесшісі, вице-президенті болып қызмет атқарды.
2016 жылы Дүтбаев «Мемлекеттік құпияларды жариялау», «Қызметтік өкілдігін шектен тыс пайдалану» сияқты баптарға сәйкес күдікті ретінде ұсталды. Оның күйеу баласы Нұрлан Хасен – 5 жылға, жиені Ерлан Нұртаев 3,5 жылға бас бостандығынан айырылса, ал Дүтбаевтың өзі 12 жылға түрмеге тоғытылды.
Оппозиционер Мұхтар Аблязовтың 2004 жылы «ТуранӘлем» банкінің бастығы Ержан Татишевтың өліміне «кісі өлтіруді ұйымдастырушы» бабымен айыпталуына байланысты 2018 жылы Тараз қаласында сырттай өткізілген сотта Дүтбаев куәгер ретінде сұралды. Ол Татишев пен Әблязовтың екеуара мүліктік мәселе төңірегінде даулары туралы білетінін жария етті. Биылғы жылдың маусымында Дүтбаев шартты мерзіммен босатылды.


Хоргосс ісі

2011 жылы Қорғас, Қалжат, Достық кедендерінен Қытайдан әкелінген контрабандалық тауарлардың заңсыз өткізілуіне ҰҚК лауазымды тұлғалары мен кеден қызметкерлерінің қатысы бар екені анықталды. Аталған қызметкерлер өздерінің бәсекелестерін осылай шеттетіп отырумен қатар қарақшыларды топ басшыларының көрсетуі арқылы ұстап отырған. Сот бұл істі 2013 жылдан бастап қарады. Айыпталушылар саны 45 адам, оларды қорғаушылардың саны 35, қоғамдық қорғаушы – 45 адамнан тұрды. Сот мәжілісі 1 жыл жүрді. Үкімді шығарғанға дейін тергеушілер 1500 томнан тұратын іспен, 600 бейнекөріністермен танысты. Куәгерлер саны 600 адамды құрады.
Қылмыскерлер «Экономикалық контрабанда», « Қылмысты топты құру және оны басқару, қылмысты топқа қатысу», «Заңсыз тапқан ақша немесе басқа да заттарды заңдастыру», «Өз өкілеттігін шектен тыс пайдалану», «Лауазымдық міндетін шектен тыс пайдалану» сияқты баптармен сотталды.
Қылмысты топты ұйымдастырушы Талғат Қайырбаев 16 жылға, оның әріптесі Бақыт Отарбаев 13 жылға, ҰҚК-нің байырғы қызметкері Талғат Жақаев 17 жылға, Алматы облыстық кеденнің экс-бастығы Құрманбек Артықбаев 14 жыл, қалған қылмыскерлер 5 жылдан 10 жыл мерзімге дейін бас бостандықтарынан айырылды.
Сәтжан Ибраев и Петр Афанасенко

1999 жылы бұрынғы премьер-министр Әкежан Қажыгельдиннің оққағарлары Петр Афанасенко мен Сәтжан Ибраевқа мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекет етті деген айып тағылды. Айыпталушылардың айтуы бойынша осы істі тергеуге алған Рахат Әлиев оққағарларды жеке өзі тергеп, ұрып-соғып, психотропты дәрілер ішкізгісі келген. Сот оларды 3,5 жылға бас бостандығынан айырған.
Афанасенко бір жыл жеті ай отырып айыбын кешіруді өтініп жазған арызы бойынша түрмеден босатылды. Босап шыққан соң ол бірден Европаға кетті. 2011 жылы Вена сотында ол Рахат Алиевты өз абыройы мен ар-намысына тигені үшін сотқа беріп, одан 7 мың евро моральдық шығынын өтеп алды.
Әлиев болса «Афанасенко менің оған берген бағама қатты намыстанды» дей келе, Афанасенко туралы бар шындықты білетінін, негізінде ол нағыз Афанасенко емес екенін айтқан еді.
Автор: Фариза Нарбекова
Аударған: Баян Танатарова
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық