Көліктің ішінде ойнап отырған екі бала тірідей жанып кетті (видео)
Скриншот
Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданында көлік өртеніп кетті. Қайғылы оқиға орын алған кезде ішінде екі бала ойнап отырған.
Бұл туралы Orda.kz Астана телеарнасына сілтеме жасап хабарлады.
3 және 7 жасар ағалы-інілі бауырлар есік алдында бұзылып тұрған көліктің ішіне кіріп ойнаған. Сол сәтте көлік кенеттен отқа оранған. 3 жасар бала тірідей жанып кеткен. Ал 7 жасар ағасын 4-ші дәрежелі күйік шалған. Аудандық аурухананың дәрігерлері мен Ақтөбеден келген мамандар бүлдіршіннің өмірі үшін күрескенімен бала есін жимастан көз жұмды.
– Қаладан медициналық авиациядан құрамында реаниматолог-анестезолог және комбустиолог, травматолог дәрігер жолданды. Барлық қажетті медициналық көмек көрсетілді. Өкінішке орай көрсетілген емнің нәтижесі болмай, бала қайтыс болды, - деді Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Құштаева.
Өрттің неден шыққаны белгісіз. Тергеу амалдары жүріп жатыр.
Жыл басынан бері Ақтөбеде 160 өрт орын алып, салдарынан 5 адам мерт болған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық