Көлік жуу бекетінде жұмысшы әйелді ұрған әкімші тергелуде
Павлодарлық полиция қызметкерлері автожуу бекетінің әкімшісін 50 жастағы жұмысшы әйелді ұрды деген күдікпен қамауға алды.
Полиция мәлімдегендей, зардап шеккен әйелден арыз осы жылдың 17 сәуірінде түскен. Павлодар қаласы тұрғынының айтуынша, ол жұмыстан шығатынын айтып, есеп айырысуды талап еткеннен кейін жұмыс орнында соққыға жығылды.
— Осы жылдың 16 сәуірінде Торговая көшесіндегі көлік жуу орнында оған дене жарақаты келтірілгені анықталды. Күдікті - автожуу әкімшісі - ұсталды. Сараптама тағайындалды. Тергеу жалғасуда, - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ведомствоның мәліметінше, сотқа дейінгі тергеу ҚР ҚК-нің 107-бабы «Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру» бойынша жүргізілуде.
Баптың санкциялары бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуды, не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуды немесе екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуді, не айыруды көздейді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық