Көлгінов вакцина салдырған елордалықтар арасында пәтер ойнатпақ
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов қала тұрғындарын вакцина салдыруға ынталандыру мақсатында жүлдеге екі бөлмелі пәтер тағайындап, бір адамға сыйламақ.
Бұл туралы Orda.kz. хабарлайды.
«Қызыл» аймақта орналасқан ел астанасы халқының 60%-дан астамы вакцина алуы қажет екен.
– Ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін қала халқының 60%-дан астамы вакциналануы қажет. Санитарлық дәрігерлер карантиндік қосымша шектеулер туралы жаңа қаулы дайындауда: қауіп-қатер тобы үшін екпе алу міндетті, вакциналанбаған қызметкерлерді қашықтан жұмыс істеу режиміне көшіру талап етіледі, - деп жазды көлгінов instagram парақшасында.
Екі бөлмелі пәтердің кілті жаңадан вакциналанғандар арасында ойнатылады.
– Қала тұрғындарын ынталандыру үшін бағалы сыйлықтардың ұтыс ойынын енгізіп жатырмыз. Ал жаңадан вакцина алғандар арасында екі бөлмелі пәтер ойнатпақпыз (инвесторлар есебінен). Ұтыс ойынына қала емханаларында немесе СОО/СҮ пункттерінде екпе алған қала тұрғындарының бәрі қатыса алады.
Ал пәтер ұтысының ойынына осы жылдың 25 маусымы мен 31 тамызы аралығында вакцинаның бірінші компонентін алатын 18 жастан асқан қала тұрғындары қатыса алады. Қыркүйек айының басында нәтижесін жариялаймыз. Конкурстың әділ өтуі және вакцинацияланғандарды толығымен қамту үшін (көрсетілген кезеңде) IT-қоғамдастықты жұмылдырамыз.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық