Көлгінов: биыл қанша әлеуметтік тұрғын үй беріледі?
Елорда әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында әлеуметтік тұрғын үйлер санының артқаны туралы жазды.
— Биыл Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әлеуметтік тұрғын үй санын арттырамыз. Мысалы, 2018 жылы 1800 әлеуметтік пәтер салынған болса, биыл бұл көрсеткішті 10 мыңға дейін жеткіземіз, соңғы 3 жылда әлеуметтік тұрғын үй саны 5 еседен аса артты, - деп жазды әкім.
Әкім «Жұмыс істейтін жастарға жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасы да жалғасын табады деп отыр.
— Елбасының бастамасымен қолға алынған «Жұмыс істейтін жастарға жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасы биыл да жалғасаын табады. Бұдан бөлек, тұрғын үй сертификаты сомасын 1 млн теңгеден 1,5 млн теңгеге дейін ұлғайттық, Қазақстандық тұрғын үй компаниясының (ҚИК) бағдарламасы бойынша қатысушылар санатын ұлғайттық, - деп жазылған желі парақшасында.
Бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов елордадағы күрделі эпидемиологиялық жағдайға байланысты Instagram парақшасында қала тұрғындары мен қонақтарына үндеу жасады.
— Вакциналау — өзіңіздің денсаулығыңызды, сондай-ақ жақындарыңыз бен айналаңыздағы адамдардың денсаулығын қорғаудың жалғыз жолы. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!, - деп жазды Нұр-Сұлтан қаласының әкімі.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық