Көктайғақ салдарынан жарақат алғандар көбеюде
Қазақстанның бірнеше өңірінде біраз адам көктайғақтан зардап шегіп, ауруханаға түсті, деп хабарлайды ORDA.
Дәрігерлердің айтуынша, олардың көбі жеңіл жарақаттар. Дегенмен көшеде тайып құлап, қол-аяғын сындырғандар да баршылық. Кейбірі тіпті операция жасатқан. Еліміздің біраз өңірінде күн күрт жылынып, артынан жаңбыр жауды. Салдарынан еріген қар қатып, көшелер мен жүргінші жолдары көк мұзға айналды. Елдімекендерде көлік пен адам жүрісі қиындады. Тайып құлап, жарақат алған тұрғындардың саны күннен-күнге артуда. Күннің күрт құбылуына байланысты мамандар оралдықтарға, көшеге көп шықпауды ескертіп жатыр.
Батыс Қазақстан облыстық көпбейінді ауруханасына кеше бір 4 сағат ішінде 35 науқас түскен. Оның 28-і көктайғақ кесірінен жарақат алғандар. Кейбір науқастар стационарға жатқызылған, кейбірі травматология және нейрохирургия бөлімшесіне орналасқан.
Павлодар қаласындағы №1 емхананың жарақаттар бөлімінің 85%-і қол-аяғы зақымданған науқастар келген. Дерек бойынша бір тәулікте дәрігерлердің көмегіне 70-тен астам адам жүгінсе, оның 46-сы көшеде тайып жығылғандар.
«Қазгидромет» мамандары алдағы 3 күнде Атырау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарына қалың тұман түсіп, көшелер көктайғақ болады болжап отыр. Осыған байланысты көлік қозғалысы қиындауы мүмкін. Түркістан, Қызылорда және Жамбыл облыстарындағы күн райы да бірнеше күн бойы қолайсыз. Мамандар бұл күндері тұрғындарға елді мекен сыртына шықпауға кеңес береді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық