ҰҚК Кәрім Мәсімовтың ісі бойынша жаңа мәліметтер жариялады
Фото: Ашық дереккөзден
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Кәрім Мәсімовтың ісі бойынша жаңа мәліметтерді жариялады. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Мәсімовке мемлекетке опасыздық жасады, билікті күштеп басып алуға әрекеттенді және қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген айып тағылды. Қылмыстық іс әлі тергеліп жатыр.
ҰҚК тергеу барысында Кәрім Мәсімовтің әрекетінде көптеген сыбайлас жемқорлық белгілері анықталғанын айтты.
«Отандық бизнес өкілдерінен және шетелдік құрылымдардан жылжымайтын мүлікті, қымбат сыйлықтарды, оның ішінде мәдени құндылықтарды, қомақты қаражатты заңсыз алу фактілері құжатталған. Атап айтқанда, Мәсімовтің пара алу фактісі бойынша тергеу жүргізілуде. Ол ҰҚК төрағасы ретінде шет мемлекет өкілдерінен 2 млн доллар пара алған. Жабық келісім-шарты бойынша Гонконгтан Қазақстан Ұлттық банкіне бұл қаражатты қайтару қамтамасыз етілді» делінген хабарламада.
Сондай-ақ Мәсімовтің премьер-министр болып тұрған кезінде бизнес құрылымдарының бірінен елордада құны 2,5 млрд теңгеге жуық элиталық қонақ үй мен жер телімін алғаны бойынша да тергеу басталды, деп толықтырды комитет.
«2022 жылдың қаңтарында Мәсімов ұсталғаннан кейін бұл қонақ үйден 17,2 млн доллар қолма-қол ақша тәркіленді. Сонымен қатар көптеген құнды заттар – сағаттар, алтын құймалар, антиквариат және т. б. тәркіленді. Нұр-Сұлтандағы екі люкс пәтері, Алматыдағы екі пәтері мен зәулім сарайы, сондай-ақ Шортанды-Бурабай курорттық аймағындағы көл жағасындағы 1 гектар жер учаскесі тәркіленді. Мәсімовтің жақын адамдарының 5,1 млн долларға бағаланған мүлкі тәркіленіп, олар да қамауға алынды» деп толықтырды баспасөз қызметі.



Мәсімов пен оның айналасындағылардың шетелдік банктердегі есепшоттарына заңсыз алып кеткен бұдан да ірі көлемдегі қаражатты іздеу, бұғаттау және Қазақстанға қайтару жұмыстары ұйымдастырылып жатқаны хабарланды.
Осы фактілердің барлығы бойынша белсенді тергеу және жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде.
Еске салсақ, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов Қылмыстық кодекстің 175-бабы 1-бөлігі бойынша «мемлекетке опасыздық жасады» деген күдікпен қаңтар айының басында ұсталған болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық