Юсуф Альджавдера Астана әуежайының басқарма төрағасы болып тағайындалды
Фото: ААК
Өткен жылдың мамыр айынан бері бұл қызметті Ерғазы Жолдасов атқарып келеді.
Бұл туралы Қазақстанның Азаматтық авиация комитеті хабарлады.
«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ басқарма төрағасы қызметіне Юсуф Рашед Мохаммед Альджавдерані тағайындау үкіметпен келісім бойынша өтті. Әуежайдың жаңа төрағасы 25 жылдан бері авиация саласында еңбек етіп келеді.
Ол бұған дейін Emirates, British Airlines, Дубай және Абу-Даби халықаралық әуежайларында түрлі қызметтер атқарған.
ААК 2023 жылдың қарашасынан бастап елорда әуежайы Terminals Holding компаниясының сенімді басқаруында екенін түсіндіреді. Инвестор 2024 жылдың 1 мамырынан бастап әуежайдың ұшу-қону жолағын күрделі жөндеуден өткізуді жоспарлап отыр. Нысанның инфрақұрылымы жеке қаражат есебінен жаңартылады.
Елорда әуежайы елдегі жолаушылар тасымалы бойынша Алматы халықаралық әуежайынан кейінгі екінші орында.
Жаңалықтар
- Ормуз ашылды, бірақ қысым сақталады: Иран, Трамп және мұнай нарығы қалай өзгерді?
- Тоқаев БҰҰ-ды реформалау мәселесіне жауапкершілікпен қарау керегін айтты
- Министрлік Баян Алагөзованың «Қыз Жібек» фильміндегі киімге қатысты жариялаған жазбасына пікір білдірді
- АҚШ Сириядан өз әскерін толық шығарды
- Ақтөбе облысында 2 апта бұрын жоғалған 10 жастағы баланың денесі табылды
- Алматыда екі автобус соқтығысты, жарақат алғандар бар
- Әділет Алмат Азия чемпионы атанып, 4 жыл үзілістен кейін елге дзюдодан алтын әкелді
- Ливан Израиль бітімді бұзғанын мәлімдеді
- Аида Балаева: Грант алу үшін ҰБТ-ны екінші рет тапсыру мүмкіндігі болмайды
- Бірден 22 жол апаты: Қазақстандықтар жүргізуші куәлігін алу емтиханын қалай тапсырып жүр?
- Тоқаев дипломатиялық форумға қатысу үшін Анталиядағы NEST конгресс орталығына келді
- Кәсіпкерді сан соқтырған: 10 жылдан аса іздеуде жүрген ер адам Германиядан экстрадицияланды
- Сұлулық жауһары: Шолпының қандай түрлері бар?
- Бішкекте жалаңаш ер адам балаларды қуалаған
- Алматы облысында алаяқтың арбауына түскен әйел көмектеспек болған полицейлерден қашты
- Атырауда зираттан қару мен оқ-дәрілер табылды
- Құлжа күре жолында бірден бес көлік соқтығысты
- Индонезияда тікұшақ апаты: Борттағы барлық адам опат болды
- Семейде қосымша нәпақа табам деп жұмыс істеп жүрген студент қолынан айырылды
- Қарағанды облысында жол апатынан екі мотоцикл жүргізушісі қаза тапты