«Jusan bank» заңгерлер мен есепшілерге қолдау көрсетті
2022 жылдың 16 қыркүйегінде «Параграф» ақпараттық бағдарламасы Алматы қаласында 25 жылдық мерейтой төңірегінде жаңа форматта іс-шара өткізді.
Қазақстанның өзге де аймақтарының тұрғындары келіп қатысқан форум негізгі екі бағыттан тұрды: біріншісі – «Халық заңгері» атты республикалық акция, екіншісі – «Бухгалтер Restart» атауымен өткізілген кәсіпқой конференция.
Шара «Бухгалтер Restart» конференциясымен басталды.
13:00-де жоспарланған шараға 2000-ға тарта адам жиылып, жиын уақытында басталды. Ұйымдастырушылар қонақтарға арнап түрлі суретке түсу аймағын және сыйлыққа арналған билеттер ұсынып жылы шыраймен қарсы алғанынан дайындық жоғары деңгейде болғанын көруге болады. Есепші, қаржыгерлерге арналған жиында 7 спикер тағылым жұмыстарын жүргізіп, салық, нарық, қаржы мәселесіне қатысты кәсібилікті шыңдайтын ақпараттармен бөлісті. Бұл – есепші, қаржыгер, компания басшылары және басқа да қызығушылығы бар адамдар үшін Қазақстандағы ең ауқымды шараның бірі болды. Кәсіпқой конференцияда 2023 жылы Салық кодексіне енгізілетін өзгерістер мен өзге де жаңалықтар айтылды.

Құқықтық сауаттылықты арттыру және тегін заңгерлік көмек тұрғысында ұйымдастырылған «Халық заңгері» акциясына да жиналғандардың қатары аз емес. 16:00-де басталған «Халық заңгері» конференциясында да адам саны аз болмады. Келген қонақтар спикерлерге өмірлік тәжірибеден алынған сұрақтарды қойып, тиісінше ақыл-кеңес алды. Мемлекеттік орган өкілдері, жетекші сарапшы мамандар құқықтық сұрақтың барлығына жауап беріп, бағыт-бағдар ұсынып отырды. Ол азаматтық құқық және процесс, банк құқығы, атқарушы өндіріс, тұрмыстық-отбасылық құқық тақырыптарының төңірегінде жүзеге асты.
Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын
Кез келген бизнес үшін заңгер, есепші, қаржыгерлердің рөлі ерекше, кәсіпкерлікті дамытуда осы саладағы мамандардың кәсіби біліктілігін арттырып отыру маңызды. Jusan Bank-тің қолдауымен өткен «Параграф» ақпараттық бағдарламасы аясында ұймдастырылған форум осындай шаралардың бірі де бірегейі. Банктің PR-директоры Гаухар Керімованың айтуынша, банктің шараға демеушілік жасауы астарында кәсіби біліктілікті арттыруды қолдауда жатыр.

— Банк бұл іс-шараға білім беру сипаты бар болғандықтан қолдау көрсетті. Біздің басты миссиямыз – Қазақстандағы адами капиталды дамыту. Біз Назарбаев Университетінің эндаумент қорының бір бөлігіміз. Ең басты міндетімізге біліктілікті арттыру арқылы Қазақстанда сапалы білімнің өсуіне ықпал ету жатады. Бұл форум есепшілер мен заңгерлердің кәсіби біліктілігін арттыру болып табылады. Олар кез келген секторда ең көп сұранысқа ие адамдар. Бұл саланың да сапалы дамуы бізді қызықтырады. Негізгі ой осы. Бұл - біздің Қазақстандағы білім деңгейін дамытуға және адами капиталды дамытуға қосқан үлесіміз, - дейді Jusan банктің PR-директоры Гаухар Керімова.
Осы және осыған ұқсас шараларға демеушілік жасап, әрбір қазақстандықтың дамуына мүмкіндік ұсынып, кәсіпкерлерге бизнесін дөңгелетуге қолдау көрсетіп жүрген банк бастамасы ел болашағына салған инвестиция деуге болады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық