Юрий Ильиннің ұлы жоғарғы қызметтен кетті
Фото: kmg.kz
«KMG PetroChem» ЖШС басқарма төрағасы лауазымынан Игорь Ильин кетіп, оның орнына Диаз Диянов тағайындалды, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы «ҚазМұнайГаз» компаниясының ресми Telegram-арнасына мәлімдеді,
«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның ресми ақпаратына зер салсақ, «KMG PetroChem» ЖШС басқарма төрағасы қызметіне Диаз Мұхтарұлы Диянов тағайындалды.
Компания ұжымына жаңа басшыны «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасының орынбасары Дастан Абдулғафаров таныстырды.
«Диаз Диянов 1983 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. Ол әр жылдары «ҚазМұнайГаз Өнімдері» АҚ, «ҚазМұнайГаз – өңдеу және маркетинг» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «АНПЗ» ЖШС және «KPI Inc.» ЖШС сынды компанияларда жұмыс істеген. Мұнай-газ саласында 20 жылдан астам, соның ішінде «ҚазМұнайГаз» құрылымында 15 жылдық тәжірибесі бар», деп мәлімдеді Дастан Абдулғафаров.
Жаңа қызметке дейін «KMG PetroChem» ЖШС басқарма төрағасының бизнес-даму жөніндегі орынбасары лауазымын атқарған.
Айта кетейік, Игорь Ильин — бұрынғы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің ұлы.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық