Ю.Ильин: Үлкен Алматы шатқалына баруға болмайды
Төтенше жағдайлардан қорғайтын бөгеттерге құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқандықтан Үлкен Алматы шатқалына баруға шектеу енгізіледі. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин айтты, деп хабарлайды ORDA тілшісі.
— Қар мен ылғал қорының жиналуы әлі де жалғасуда. Жауын-шашын мөлшері бойынша төтенше жағдай туындау қаупі жоғары өңірлер: Ақмола облысы аумағы, Қарағанды облысы аудандарының бір бөлігі, Солтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстары, онда қазіргі қар қоры көпжылдық бақылаудан 50%-ға асады, деді министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Қазіргі таңда арық желісі мен өзендерді тазарту жұмыстары аясында Алматыға қауіп төніп тұрған жоқ. Үлкен қауіптердің әдетте шілде, тамыз, қыркүйек айларындағы қалыптасатынын ескере келе, осы кезеңде ведомство бөлімшелері профилактикалық бақылаумен айналысып жатқандығын ескеру керек.
Сонымен бірге министр Үлкен Алматы шатқалына баруға шектеу қойылатынын ескертті.
— Биыл біз Аюсай және Ақсай шатқалдарында екі сел ұстайтын бөгет құрылысын бастадық. Жақында ғана жұмысты бастауға дайындық тексерілді. Мен Алматы тұрғындарына үндеу жасағым келеді. Ең алдымен Алматы тұрғындары мен туристердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін құрылыс жұмыстары жүреді, алматылықтар мен оңтүстік астана қонақтары жақсы көретін Үлкен Алматы шатқалына бару бойынша кейбір шектеулер енгізілетінін ескерткіміз келеді. Сондықтан тиісті түсіністікпен қарау керек, өйткені бұл болашақта мегаполистің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, деп түсіндірді Ю. Ильин.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық