Үйі өртеніп, нәрестесінен айрылған отбасына үй берілді
Қызылордада үйі өртеніп, нәрестесі қаза болған Текебаевтар отбасына жаңа баспана берілді, деп хабарлайды ORDA тілшісі.
2021 жылдың 18 ақпанында облыс орталығындағы Әл-Фараби мөлтек ауданында үй өртенген. Шұғыл жеткен өрт сөндіру бөлімінен 3 техника мен 16 қызметкер жұмылдырылып, өртті тұтастай сөндірген. Оқиға салдарынан 2020 жылы дүниеге келген нәресте көз жұмды.
Ал көз жұмған нәрестенің анасы бірінші дәрежелі көмір қышқыл газына улану және сол жақ білектің және екі алақанының термиялық күйік шалу нақтамасымен қалалық ауруханаға жатқызылды. Қазір жағдайы бірқалыпты.

Әкімдік тарапынан, кәсіпкерлердің қолдауымен қазіргі таңда зардап шеккен көпбалалы отбасы 1 айға жететін азық-түлікпен қоса мектеп құрал-жабдығымен қамтамасыз етілді.
Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Текебаевтар отбасына көңіл айтты. Сонымен қатар үй иелерін жаңа баспанамен құттықтап, тұрмысқа қажетті сыйлықтар табыс етті.
– Қайғының орнын толтыру мүмкін емес. Жалпы, Сыр елі үшін бұл ауыр қаза болды. Көзге көрінген балаларымыз аман болсын, деді облыс әкімі.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық