Әйгілі Панфилов дивизиясының соңғы жауынгері 100 жасқа толды
Баршаға белгілі Панфилов дивизиясының Алматыда тұратын көзі тірі соңғы жауынгері, Ұлы Отан соғысының ардагері Қайырлы Жонқабаев 100 жасқа толды.
Бұл туралы Orda.kz «Хабар 24» арнасына сілтеп хабарлайды.
Майдангерді Ұлттық ұлан «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметкерлері арнайы барып құттықтап, құрмет көрсетті. Үрмелі аспаптар оркестрі құрметті ардагерге соғыс жылдарындағы әндерді орындап, бір қуантты.
Қайырлы Уатайұлы 1921 жылы 10 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 1941 жылы Панфилов дивизиясының 23-гвардиялық полкіне алынып, пулеметші болған. Сол кездегі КСРО құрамына кіретін Беларусь, Польшаны, Эстонияны азат етуге қатысқан. Қарт жауынгер Кеңес Одағының батыры Мәлік Ғабдуллинмен бір ротада болғанын құрметпен еске алады.
— Қайырлы атамызды жылда осылай жылда қошеметтеп туған күнінде және де осы басқа да мерекелік күндері келіп құттықтап тұрамыз. Өйткені бұл кісінің соғыс жылдарындағы көрсеткен ерлігі, жанқиярлық ерліктері және осы соғыс аяқталғаннан кейін еліміз үшін атқарған қызметтері кейінгі ұрпаққа үлгі болып келеді, – деді Ұлттық ұлан «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының орынбасары Ниязтай Әлкешов.
Мереке сайын құттықтап келіп тұруға уәде берген әскери қызметкерлерге ғасыр жасаған абыз қария ақ батасын беріп, жақсылық тіледі.
— Елімізде тыныштық болсын. Келешектерің зор болсын. Дендерің сау болсын. Аман-есен болыңдар, – деді ардагер.
Қарт жауынгер майдан даласында көрсеткен ерліктері үшін «Қызыл Жұлдыз», ІІ дәрежелі «Отан соғысы» орденімен және көптеген медальдармен марапатталған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық