Эскорт, жезөкшелер үйі және бала саудасы: ІІМ адам саудасының заңсыз нарығын әшкереледі
Фото: Нейро желі жасады
Қазақстанның барлық өңірінде адам саудасына байланысты қылмыстық істер тіркелді, деп хабарлайды Orda.kz.
ІІМ мәліметінше, биыл 39 факті анықталған, оның алтауы кәмелетке толмағандарға қатысты. Мысалы, Алматыда полиция жаңадан босанған әйелдерді ақшаға баласын беруге үгіттеген топты ұстады.
«Ұйымдастырушылар бойжеткендердің қиын жағдайын пайдаланған. Қазір тергеушілер 20-дан астам қылмыстық істі қарап жатыр. Күдіктілердің мүлкі тәркіленіп, 18 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін», – деді полицейлер.
Абай облысында тұрғындарды күштеп жұмыс істеткен жағдайлар анықталды. 11 қылмыстық іс қозғалып, материалдар сотқа жолданды.
Шымкентте, Ақтөбе, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды және Қостанай облыстарында полиция қазақстандықтарды, соның ішінде кәмелетке толмағандарды, түнгі ойын-сауық орындарында қанап, жұмысқа жеккендердің ісін тоқтатты.
Астанада құқық қорғау органдары теміржол вокзалы маңында рейд жүргізіп, сегіз адамды жезөкшелер үйі бар деп және жыныстық қанау бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартты.
Ақмола облысында отбасынан бас тарту мен ретсіз жыныстық қатынасты насихаттаған діни топ анықталды. Тыйым салынған әдебиеттер мен ритуалдық заттар тәркіленіп, сараптама тағайындалды.
Бұған дейін Астана, Алматы және Шымкентте «элиталық эскортты» ұйымдастырып, барлар мен клубтарда қыздарды арбаған топтардың ісі тіркеліп, ол істер сотқа жіберілген.
Еске сала кетсек, өткен жылы елде адам саудасының 141 фактісі анықталған, оның 19-ы балаларды сату бойынша. ІІМ дерегінше, балаларды делдалдарға 500 мың теңгеден бастап сатуға тырысқан. Полиция интернеттегі хабарландыруларды бақылап, жедел желілер және ҮЕҰ-мен бірлесіп жұмыс істеп келеді. Ең жиі тіркелетін қылмыстар жезөкшелер үйі мен жеңгетайлық.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық