Эпизод 2: Арыстанбек Мұхамедиұлы және мемлекет бюджетінен жымқырылған 1,2 млрд теңге
Сурет: prosports.kz
Антикор Нұр-Сұлтан ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі тергеуді жалғастыруда. Ұлттық музей басшысына тағылған екінші айып – 2017-2018 жылдары аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқыру бойынша болып отыр.
Министрліктің хабарлауынша, Ұлттық музей «Ақпараттық ресурстардағы объектілерді танымал ету бойынша Ұлттық тізімге енгізілген нысандардың 3D моделін жасау» жобасын жүзеге асырған.
«Осы жоба бойынша орындалған жұмыстар үшін мердігер ұйымдарға Ұлттық музей 1,3 млрд теңге төледі. Ал, жүргізілген сараптамалық зерттеу жұмыстың нақты құны 83,4 млн теңге болғанын анықтады. Осылайша, жұмыс құны негізсіз 1,2 млрд теңгеге асыра көрсетілген, бұл мемлекетке аса ірі көлемде зиян келтірді» делінген министрлік таратқан хабарламада.
Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы 28 мамырдан бері қамауда отыр. Бұған дейін оған «Алтын адамның әлем мұражайлары арқылы шеруі» халықаралық көрмесі кезінде жұмсалған 146 миллион теңгені жымқырды деген айып тағылған.
Мұхамедиұлымен ішінара байланысты тағы бір дерек – Алматыдағы су және қолданбалы спорт түрлерінен республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебінің қарамағындағы ғимаратты арзан бағамен иеліктен шығару. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің шенеуніктеріне қатысты іс 1 шілдеде қолға алынды, егжей-тегжейлі мәлімет әзірге хабарланған жоқ.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық