Эпидемиология мектебінің негізін қалаушы Сәкен Әміреев қайтыс болды

cover Фото:kaznmu.kz

Қазақстандағы эпидемиология және вакцинология мектебінің негізін қалаған Сәкен Әміреев қайтыс болды. Қаралы хабарды Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің баспасөз қызметі жеткізді.

Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.

Бүгін таңертең Қазақстандағы эпидемиология және вакцинология мектебінің негізін қалаушы, медицина ғылымдарының докторы, профессор Әміреев Сәкен Әміреұлын коронавирустан қайтыс болды. ҚазҰМУ оқытушылары, қызметкерлері мен студенттері, туыстарына көңіл айтамыз, - деп жазды Асфендияров атындағы ҚазҰМУ баспасөз қызметі.

Сәкен Әміреев 678 мақаланың, рефераттың авторы, оның 50-ден астамы шетелдік басылымдарда жарық көрген. Төрт монография, эпидемиология, медициналық паразитология бойынша төрт негізгі оқулық, 10 практикалық әдістемелік нұсқаулық, 25 оқу-әдістемелік құралдың авторы екенін де еске саламыз.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар