Эммануэль Макрон Тоқаевпен телефон арқылы сөйлескеннен кейін қазақ тілінде жазба жариялады
Фото: Ақорда
Француз тарапының бастамасымен Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Франция президенті Эммануэль Макрон телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Orda.kz.
Келіссөзден кейін Франция президенті X әлеуметтік желідегі парақшасында әңгіме барысы туралы жазба жариялады.
«Біз стратегиялық әріптестігімізді нығайту мәселелерін, әсіресе көлік және энергетика салаларындағы ынтымақтастықты талқыладық. Бұл әңгіме 2023 жылғы қараша айында менің Қазақстанға жасаған сапарым мен өткен қарашада президент Тоқаевтың Францияға жасаған мемлекеттік сапарының жалғасы болды» деп жазды Эммануэль Макрон.

Сонымен қатар мемлекет басшылары халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді сөз етті. Әңгіме барысында Ресейдің Украинаға қарсы соғысы мен Оңтүстік Кавказдағы келіссөздер үдерісі негізгі назарда болды.
Қос тарап Қазақстан мен Франция арасындағы қарым-қатынастың оң серпінін атап өтіп, сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге келісті.
Сонымен қатар мемлекет басшысы Қырғызстан астанасына сапары барысында қаланың көрнекті орындарына барып, жазушы, соғыс ардагері, әкесі Кемел Тоқаевтың есімімен аталатын № 33 мектеп-гимназиясын да аралап көрді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық