Әйелін лифтте соққының астына алған ер адам әйелдер мен балалардың құқығын қорғаушының ұлы болып шықты
Әйелін қатты соққыға жыққан астаналық тұрғынның анасы Шымкенттегі «Аманат» партиясы мен әйелдер мен балалар қоғамдық бірлестігінің мүшесі.
Ал қазір Гүлайым Шұңғараева Шымкент қалалық мәслихатының депутаттығына үміткер.

Қазіргі уақытта ол туралы ақпарат оның әлеуметтік желідегі аккаунттарынан өшірілді.
Orda.kz тілшісімен телефон арқылы сөйлескен Гүлайым Шұңғараева ұлын қорғамайтынын айтты.
«Қазір тергеу жүріп жатыр. Бұл Шымкентте емес, Нұр-Сұлтанда болды. Олар ол кезде менімен бірге тұрмады. Мен ұлымды ақтамаймын» дейді Гүлайым Шұңғараева.
Алайда, жәбірленушінің айтуынша, Шұңғараева қайын енесі ретінде отбасындағы жағдайды біліп, сабырға шақырып: «Бәрі осылай өмір сүреді, уақыт өте бәрі өзгереді» деп қайта-қайта айтқан.
Әйелін ұрып-соққан Гүлайым Шұңғареваның ұлы Елнұр Бәйметов шымкенттік «GENERAL STROY GROUP» құрылыс компаниясын басқарады.
Еске салсақ, әйелді аяусыз ұрып-соғу видеосы бір күн бұрын пайда болған. Алайда оқиғаның өзі наурыз айында орын алған. Зардап шеккен Аружан Байметова Orda.kz тілшісіне мән-жайды айтып берді. Ол келесі күні таңертең күйеуі оны тағы да ұрып-соққанымен, алдыңғы факті бойынша ғана қылмыстық іс қозғалғанына шағымданды. Полиция оның мәлімдемесіне түсініктеме берді:
«Осы өтініш бойынша Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданының полиция бөлімі ПД Қылмыстық кодекстің 107-бабы (Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру) бойынша қылмыстық іс қозғады. Жүргізілген сот-медициналық сараптаманың қорытындысы бойынша жәбірленушінің денсаулығына орта ауырлықтағы зиян келтірілген. Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы таңдалды» делінген ПД хабарламасында.
27 наурызда Нұр-Сұлтанда әйелді күйеуі аяусыз соққыға жыққаны камераның объективіне түсіп қалған. Дәрігерлер жәбірленушінің қабырғасы мен көкірек сүйегінің сынуы және омыртқасының компрессиялық сынуы деген диагноз қойды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық