Электросамокат туралы заң күшіне енді
Сурет: Егемен Қазақстан
Қазақстанда электросамокаттар туралы жаңа ережелер жұмыс істей бастады. Бұл ережелерді бұзғандары үшін жүргізушілер әкімшілік жазаға тартылады, деп хабарлайды Orda.kz.
30 тамызда Қазақстанда «Жол қозғалысы туралы» заңға енгізілген өзгерістер күшіне енді.
Жаңа заңға сәйкес, электросамокаттар веложолдармен және веложолақпен жүруі керек. Олар болмаған жағдайда – жолдың жүріс бөлігінің оң жақ жиегі бойынша, оның ішінде маршруттық көлік құралдарына арналған жолақ бойымен бір қатарда жүреді.
Кез келген санаттағы көлік құралын басқару құқығына жүргізуші куәлігі бар адамға 18 жастан бастап жолдың жүріс бөлігінің оң жақ жиегімен ғана жүруге рұқсат етіледі.
Шекті рұқсат етілген жылдамдық сағатына 25 шақырым.
Ал жаяу жүргіншілер жолағында немесе жаяу жүргіншілер жолында олар сағатына 6 шақырым ғана жылдамдықпен жүре алады.
Электросамакат жүргізушілеріне тыйым салынады:
• Рөлді жоқ дегенде бір қолымен ұстамай жүргізуге;
• Жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға;
• Трамвай қозғалысы бар жолдарда және бір жолақтан көп жолдарда солға бұрылуға немесе кері бұрылуға;
• Электросамокаттарды жүргізген кезде жол қиылысын кесіп өтуге. Жүргізушілер қиылыстардан жаяу жүргіншілер өткелімен көлікті қатар алып жүріп өтуі керек.
Мопед жүргізушілеріне веложолда, веложолдарда, тротуарларда немесе жаяу жүргіншілер жолағында жүруге тыйым салынады.
Алғаш рет электросомакаттар қозғалысын реттеу ниеті 2022 жылдың шілдесінде Алматыда электроскутерлерді пайдалану және меморандумға қол қою туралы баспасөз мәслихатында айтылды.
Конференцияда электросомакаттардың жылдам жүруі, бейберекет тұрақ және жарақат алу қаупі туралы сұрақтар көтерілді. Дәл осы мәселелермен күресу мақсатында әкімдік пен кикшеринг компаниялары арасында меморандумға қол қойылды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық