Электр жарығы сөнді: Жамбыл облысында қатты жел үйлердің шатырын ұшырды
Жамбыл облысында қатты дауыл соғып Жаңатас қаласында үйлердің шатырлары ұшып кетті, деп хабарлайды Orda.kz.
6 ақпанда Жамбыл облысы Жаңатас қаласында қатты жел салдарынан бірнеше тұрғын үйдің шатырлары зақымданып, біразын жел ұшырып жіберді. Қалада электр жарығы өшірілген. Осыған байланысты мектеп оқушылары уақытша қашықтан оқытуға көшірілді.
Облыс әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша тұрғындар зардап шеккен жоқ. Аудан әкімдігі жағдайды бақылау үшін жедел штаб құрды.
Зақымданған аудандар:
- Бірінші шағын аудан: №32, 33, 34, 35
- Үшінші шағын аудан: №6
- Төртінші шағын аудан: №15 және 15а
- Сонымен қатар, жел Бейбітшілік көшесіндегі электр желілеріне зақым келтіріп, ауданның жарық жүйесінде үзілістер тудырды.
Жаңатас әкімдігі тұрғындарды шұғыл қажеттілік болмаса көшеге шықпауға және абай болуға шақырды. Мектеп оқушылары қашықтан оқып жатыр.
Синоптиктер 6 ақпанда өңірдің оңтүстік-батысы мен солтүстік-шығысында желдің жылдамдығы секундына 28 метрге дейін, таулы аудандарда – 30 метрге дейін болатынын ескерткен.
Оқи отырыңыз:
- Ақпаннан бастап көпқабатты тұрғын үй құрылысына талап күшейтілді
- Алматы облысында жасөспірім ойнап жүріп мұз астына түсіп, қаза тапты
- Жыл басталғалы 60 бала терезеден құлады – ТЖМ
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық