Әйелдерді бизнеске үйрететін «Кәсіпкер ана» бағдарламасы іске қосылды
Бағдарламаға қатысушылар 500 мың теңге көлеміндегі грант иегері бола алады.
Қазақстанда «Кәсіпкер ана» білім беру бағдарламасына қатысуға өтінімдер қабылдау басталды.
Көп балалы аналар, мүгедек балалар мен патронаттық аналар кәсіпкерлік негіздерін үйреніп, өз кәсібін ашып, 500 мың теңге көлемінде грант ұтып ала алады, деп хабарлады Қазақстан халқы Ассамблеясының сайты.
Оқу барысында әр әйел Ресей мен Қазақстанның тәжірибелі тренерлерінің басшылығымен өз мақсатын жүзеге асыру үшін жеке бизнес-жоспарын дайындайды. Бағдарлама барлық қатысушылардың жобаларын конкурстық таныстырумен аяқталады.
«Біздің білім беру бағдарламамыздың халықаралық деңгейге көтеріліп жатқанына өте қуаныштымыз. Мен Қазақстандағы бірінші пилоттық маусымның әлеуметтік бағытын ерекше атап өткім келеді: бағдарламаға көп балалы аналар, патронат балалар мен мүгедек аналар қатысады. Бұл санаттағы әйелдер үшін стандартты жұмыс күніне бейімделіп, жалдамалы жұмыс істеу қиын. Ал кәсіпкерлік оларға жақсы балама бола алады. Келесі маусымда бағдарлама кәмелетке толмаған балалардың аналары мен декреттік демалыстағы әйелдерге ашық болады», - деді «Болашаққа жауапты» қайырымдылық қорының президенті Анна Сошинская.
Карантиндік шараларға байланысты Қазақстанда пилоттық бағдарлама 1 наурыздан 15 наурызға дейін онлайн режимінде өтеді. Қатысуға өтінімдер 23 ақпанға дейін mama-predprinimatel.kz сайтында қабылданады.
Қазақстандағы бағдарламаның ұйымдастырушылары - «Болашаққа жауапты» қайырымдылық қоры, Қазақстан халқы Ассамблеясының кәсіпкерлер қауымдастығы, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және Қазақстан кәсіпкерлерінің форумы.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық