«ЭКСПО» ісі қайта қаралады: Депутат антикордан ұрланған қаржыны табуды талап етті
Коллаж: Orda.kz
2016 жылы үлкен қоғамдық резонанс тудырған ЭКСПО-2017 құрылысындағы қаржы жымқыру ісі қайтадан қоғам назарына шығарылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Мәжіліс депутаттары Бас прокуратура мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтен бұл істі қайта қарап, қылмысқа нағыз кінәлілерді анықтауды, сондай-ақ осы күрделі оқиғаның бүге-шүгесін ашуды талап етті.
Бұл талаптар «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы басшысының бұрынғы орынбасары Мұрат Омаровтың БАҚ-қа берген сұхбатынан кейін айтылды. Омаров тергеу органдары қылмыстық істі қолдан ұйымдастырды, ал нағыз кінәлілер жазадан сытылып кетті деп мәлімдеді.
Осыған байланысты мәжілісмен Ермұрат Бапи құқық қорғау органдарына ресми сауал жолдады.
«Қоғамда күштік құрылымдардың қызметіне көлеңке түсіретін және азаматтарды қудалауға байланысты «қолдан жасалған» істер туралы айыптаулар тараған соң, мен сұхбат авторы Мұрат Омаровпен және бұл іске қатысқан адвокаттармен бірнеше рет кездестім. Мақсатым – сұхбатта айтылған деректердің мән-жайын анықтау болды. Сондай-ақ 500 томдық қылмыстық істің негізгі тұстарымен таныстым», — деді Бапи.
Депутат Бас прокуратурадан жаңа тергеу жүргізуді сұрап, келесі сұрақтарға жауап беруді талап етті:
- Ел басшылығы басқарма төрағасына көмекші ретінде тағайындаған, «қытай сөмкесімен бірнеше рет пара алды» делінген «кеңесші» кім?
Айыпталушылардың айтуы бойынша аты аталған және тергеуге шақырылуы сұралған бұл адам неге «анықталмаған тұлға» ретінде қалып, іс фигуранттарының тізімінен алынып тасталды?
Айыптау қорытындысы мен сот материалдарынан заңсыз сыйақы алған «анықталмаған тұлғаның» аты неге жойылды, ал оның орнына жеткілікті дәлелсіз Талғат Ермегияев неге сотталды?
23 адамды жауапкершілікке тартуға негіз болған куәлік берген «сенімді тұлға» кім? Сыйақы алушы белгілі, ал пара берушінің кім екені неге анықталмады?
ЭКСПО құрылысын техникалық-экономикалық негіздеу жұмыстарын жасаған «Рона» компаниясының басшылығы алған қаражатты офшорларға аударғаны неге тергеу мен сот барысында ескерілмеді?
Бұл сауалдарға жауап ретінде Бас прокуратура Антикордың қазіргі уақытта ұрланған қаражаттың шетелге шығарылуына байланысты тергеу жүргізіп жатқанын хабарлады.
«Жемқорлыққа қарсы қызмет «ЭКСПО» қаражатын жымқыру фактісі бойынша анықталмаған тұлғаларға қатысты қылмыстық істі жүргізіп жатыр. Тергеу аясында қаржыны офшорлық компаниялар арқылы шетелге шығару деректерін қоса алғанда, барлық қатысы бар тұлғаларды анықтау мақсатында кешенді жедел-тергеу шаралары жүргізілуде» деп хабарлады қадағалаушы орган.
Ал басқа талаптарға қатысты прокуратура тергеуді қайта бастауға негіз жоқ деп есептейді. Ведомство өкілдерінің пікірінше, бұл істе шығарылған барлық сот үкімдері заңды болған.
Айта кетейік, 2016 жылы «Астана ЭКСПО-2017» қаражатын жымқыру ісі бойынша 23 адам сотталған. Сот шешімімен ЭКСПО басқарма төрағасы Талғат Ермегияев өзі және белгісіз өкіл арқылы «Rona LTD» ЖШС-мен мемлекеттік келісімшарт жасасқаны үшін 780 млн теңге пара алған деп танылды. Сонымен қатар, топ мүшелері 10 млрд теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырған.
Биылғы сәуір айында экс-министр және «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Ермегияев шартты түрде мерзімінен бұрын босатудан бас тартты.
2023 жылы Бас прокуратура 2017 жылғы ЭКСПО көрмесін салу кезіндегі заң бұзушылықтарды анықтады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық